Тамақты тұзбен бастап, тұзбен бітіру сүннет. (Тұз тілге тигеннен кейін сілекей бездері бірден жұмыс істей бастайды. Секреция бөлінеді. Бұл секреция асқорыту үшін өте маңызды, асқорытуға көмектесіп, жеңілдетеді. Тамақтануды тұзбен бастағанда ми тарапынан жіберілген сигналдың арқасында асқазанда шырыш деп аталатын асқорытуды жеңілдетуші қабат түзіледі және асқазанның тамақты сіңіруіне дайындықсыз тап болуының алдын алады. Тамақтануды тұзбен аяқтағанда да тағы асқорытуға қажет болған секреция бөлінеді. Бұл маңызды секреция тек тұздың көмегімен ғана шығады.)
Пікірлер