Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сондықтан да бұл кезде әйеліңнен теріс қарап жат деген
13 маусым, 2017 жыл 193 Басып шығару нұсқасы

Сахих Бұхариде келетін, Әбу Һурайрадан риуаят етілген мына хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «…Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Өйткені, олар қабырғадан жаратылған». Қабырға болғанда да, қисық қабырға (әрине, қабырғаның түзуі болмайды). Алайда, осы жерде қисық қабырға туралы екі мағына өрбиді. Бірі – қабырғаның қисықтығы емес, қайта оның адам ағзасындағы орны, ролі. Себебі, қабырға, денедегі жүрек, өкпе сынды маңызды ағзаларға ең жақын орналасқан әрі қандай да бір сыртқы соққыдан барынша қорған болатын, сауыт іспетті мүше. Міне, осы тұрғыдан салыстырар болсақ, әйел ер кісінің жер бетіндегі ең жақсы әрі ең ұзақ бірге болатын жан серігі, өмірдің сан қырлы соқпақтарында қасынан табылып, ақылына ақыл жалғап, ашуланса сабасына түсіретін керемет қорғаны.

Жоғарыдағы хадистің жалғасында: «Қабырғаның ең қисық жері жоғарғы бөлігі (бұғана), оны түземек болсаң сындырып аласың, ал жөніне қалдырсаң сол қисық күйінде қалады. Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деген (сахихұл-Бұхари, никах, 5185 хадис). Әйелдің кей жағдайда өз міндетін атқармай, табиғатына жат әрекеттерге баруы немесе күйеуіне бойсынбай, қыңыр-қисық мінез көрсетуі оның тегінің қисық қабырғадан жаратылғанына телініп жатады. «Қабырға-ның ең қисық жері жоғарғы бөлігі» дегенді тілге де балайды. Себебі, «басқа бәле тілден» демекші, күйеуінің мың бір жақсылығын жалғыз ауыз шәйпау сөзбен құрдымға жіберетін кездері де болады ғой. Алайда, бұндай қыңырлық пен тентектік, қабырға мен қабырға иесінің арасына рахымды Жаратушы тарапынан берілген сүйңспеншілік пен мейірім алдында кеңшілікпен кешіріліп кетеді.
Қасиетті Құран Кәрімде: «Бой ұрып тұрақтауларың үшін өз жыныстарың-нан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірім орнатқандығы да оның белгілерінің бірі», – делінген («Рум» сүресі, 21-аят). Алла елшісінің (с.ғ.с.) хадистің соңында: «Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деп қайталап ескертуінің де мәні осында болар.

Умар ибн әл-Ахуас Алла Елшісімен с.а.с. бірге қоштасу қажылығында[17] болды. Қоштасу қажылығында Алла Елшісі с.а.с. Аллаға мадақ айтып, адамдарға уағыз айтты. Уағызында Алла Елшісі с.а.с.: «Мен сендерге әйелдеріңе жақсы мәміле жасауды өсиет етемін. Себебі олар тұтқындарың секілді. Олар қарсы шықпайынша, олармен жаман мәміле қылмаңдар. Егер қарсы шықса бөлек жатыңдар[18]. Жазалайтын болсаңдар, қатты жазаламаңдар, ауыртпаңдар. Егер мойынсұнса келеке етпеңдер. Оның сендерде, ал сендердің әйелдеріңнің алдында құқықтарың бар екендігін ұмытпаңдар. Сендердің құқықтарың, сендер ұнатпайтын адамды үйге кіргізбеуі. Олардың құқықтары, жақсы киіндіріп, тамақтандыруларың». (Тирмизи риуаят еткен).

 

[18] Бөлек жатудан мақсат, бір төсекте дегенмен теріс қарап жату, әйелімен жақындаспау.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары