Сағат тоқтағанда, сендердің де қарым-қатынастарың үзіледі деп ырымдайды. Қытай елінде сағат сыйлауды - жерлеу рәсіміне шақыру деп түсінеді екен. Славян халқында: сағат сыйлайтын болсаңыз, онымен бірге күйініш, бақытсыздық, өкініш сыйлағаныңыз.
Алайда асыл дініміз әр нәрсені жаман ырымға балап, соған сеніп, жүріс-тұрысын соған негіздемеуге шақырады. Сахих Бухари атты хадистер жинағында келтірілген хадисте ардақты Пайғамбарымыз: «Исламда Тияра (طِيَرَةٌ-жаман ырымға балау) жоқ, ең жақсысы - Фә’л (فَأْل–жақсыға жорамалдау),- деді. (Сонда қасындағылар): «Фә’л деген не?», - деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Сендердің әрбіреуіңнің еститін - жақсы сөзі», - деді[1].
Ендеше, әрбіріміз кейбір соқыр сенімділіктен айырылып, өмірімізді шынайылыққа негіздеуіміз керек. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, өмірге деген құштарлықты оятар, адамның үмітін арттыратын сөздер, жорамалдар айтқанымыз жөн.
Сондықтан, сіз сұрап отырған наным-сенімді дініміз құптамайды. Оны кей адамдардың қате түсініктерінен туындаған дүние ретінде қабылдаған дұрыс.
[1] Сахих Бухари: Китабут Тыб – Бәбу аттияра.
Пікірлер