Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Раушан гүлінің иісі Алла елшісінің (с.а.с) иісі ме?
28 ақпан, 2019 жыл 416 Басып шығару нұсқасы

Бұл хадис шиіттердің (шиялардың) хадис кітаптарында кездеседі[1]. Және мұның Айша анамыздан, Әзіреті Әлиден, Әзіреті Әнәстан (р.а.) жеткен деп көрсетілген бірнеше нұсқалары бар. Алайда, хадисші ғұламаларымыз оларды «жалған хадистер» категориясына жатқызған. Осыған қатысты Имам Суюти (р.а.) былай дейді:  

«Раушан гүлі жайында айтылған риуаяттардың бәрі дерлігі ойдан шығарылған, жалған хадистер. Солардың ішінде, Әзіреті Әлиден «марфуъ» күйінше риуаят етілген мына хадис те бар. (Онда Пайғамбар (с.а.у.) былай депті-мыс): «(Миғраж түні) Мені көкке көтерген уақытта, менің үстімнен бір тамшы тер жерге түсіп, содан раушан гүлі өсіп шықты. Сондықтан да, менің иісімді иіскегісі келген адам, раушан гүлін иіскесін»»[2]. 

Ендеше, аталмыш риуаятты хадис ретінде таратып, елге жаюдан аулақ болған дұрыс. Әлдебір хадистің жалған екенін біле тұра «хадис» ретінде тарату харам болып табылады. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахих бір хадисінде: "Кім менің атымнан әдейі жалған сөйлетін болса, тозақтағы орнына дайындала берсін", - деп қатаң ескерткен[3]. Басқа бір сахих хадисте: "Кімде-кім менен өтірік екендігі білініп тұрса да хадис риуаят етер болса (жалған екендігін біле тұра өзгеге айтса "хадис" деп), ол да өтірікшілердің бірі болып табылады", - делінеді[4]. 


[1] Хусайн ибн Бустам (шиіт): Тиббуль Әимма.
[2] Имам Суюти (сүннит): Хуснуль Мухадира.
[3] Бухари - №1291 хадис.
[4] Мүслім; Ибн Мәжә - №38 хадис.

Абдусамат Қасым
islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары