Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Болашақ перзентіңнің ұл не қыз екенін білгің келе ме?
09 маусым, 2017 жыл 936 Басып шығару нұсқасы

Екі жас үйленген соң, әрине, асыға күтетіндері – сәби және көп жағдайда бірінші перзенттерінің ұл болғанын қалайды. Екінші, үшінші баласының да қыз екенін білген кейбір ер-азаматтар ашуланып, әйелдеріне «ренжіп» жатады. Ол дұрыс па?

Қасиетті Құранда бұл жайлы былай делінген: «Күллі аспан әлемі мен жердің бар билігі мен иелігі бір Аллаға тән! Ол қалағанын жаратады. Қалағанына қыз сыйлайды (береді), қалағанына ұл сыйлайды (береді). Яки қалағанына ұл мен қызды бірге береді. Сондай-ақ, қалағанын бедеу етеді. Шүбәсіз, Ол бәрін білуші, бәріне толық құдіретті» («Шура» сүресі, 49-50-аяттар).

Бұл аяттармен қоса мына хадис те «қыз туа бересің» деп әйелін кінәлайтын ерлерге ең жақсы жауап болады деген ойдамыз.

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай (үздіксіз) келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар (сол қыздың) ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады»,-деген. 

Нургали Исаевтың  фб-дағы парақшасынан

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары