Сақал-шашы өсіп кеткен бір адам шаштаразға келіп, шашын алдырып, сақал-мұртын бастыра бастады. Қарап отырмай шаштараз екеуі әртүрлі тақырыпта әңгімелеседі. Бір кезде әңгіме әуені дін тақырыбына ауысады. Шаштараз: «Не десеңіз о деңіз, мен Құдайдың барына сенбеймін. Егер Құдай бар болса неге мына дүниеде қаншама жетім-жесір, қаншама ауру-сырқау, мүгедектер, пақыр-міскін, кедей-кепшік, неге осыншама қорлау мен қиналу бар бұл дүниеде? » - дейді. Сақал алдырушы кісі айтыс-тартыс үдеп кетпес үшін үндемей қоя салады. Тірлігін бітіріп, есептесіп сыртқа шықса, сақал-шашы өсіп кеткен біреу келе жатыр екен. Оны көріп қайта кіреді да, шаштаразға: «Мен осы шаштараздардың барына сенбеймін» -дейді. Шаштараз: «Түсінбедім, сіз қазір ғана менің алдымнан сақал-шашыңызды алдырып шыққан жоқсыз ба? Енді бұл сөзіңізге жол болсын?» - дейді. Сақал-шашын алдырған кісі терезе алдынан өтіп бара жатқан сақал-шашы өскен адамды көрсетіп, егер шаштараздың бар екені рас болса адамдар көшеде мынадай болып әбіржіп жүрмес еді - дейді. Шаштараз таңғалып: «Егер олар өздері менің алдыма келмесе, мен не істеуім керек? Егер алдыма келіп отырса онда әңгіме басқа» - дейді. Сол кезде клиент: «Құдай да сол секілді, кім Құдайды қажет етіп іздеп мінәжат жасап алдына келсе Ол бар. Ал кім Құдайды керек қылып іздемесе Ол не істесін!» - деген екен.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің
баспасөз хатшысы
Райымбекова Ақерке
Пікірлер