Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Суға осылай дем салып іш
15 қазан, 2018 жыл 1371 Басып шығару нұсқасы

 Науқас адам өзі  жоғарыда көрсетілген  Құран аяттарын суға оқып, түкірігін шашыратпай сүфілейді. Кейін судың біразын ішіп қалған бөлігімен денесін ысқылайды. Әбу Дәуіт хасан иснадпен жеткізген хадисте Пайғамбарымыздың ﷺ   Сабит Ибн Қайс деген сахабаға суға дем салып үстіне құйғандығы айтылған.

Сондай-ақ дәл осы аяттар мен дұғаларды  «зәйтүн майына» оқып назарланған адамның денесін сүртсе немесе  «зәм-зәм» суына дем салып науқасқа ішкізсе де  болады.    Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  «Зәм зәм суы қандай мақсатта ішсең, сол мақсатта пайдалы» - деген.  (сенімді иснадпен имам Ахмад, Байһақи жеткізген).

Ал Ибн Аббастан жеткен келесі  хадисте  Алла Елшісі  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  «Зәмзәм – тойымды тамақ әрі ауруға шипа» деген. (әл-Батрани, ибн Хиббан жеткізген. Әл-Мунзири хадистің иснады сенімді деген).

hibatulla.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары