Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сөзімізге амалымыз сай болмаса, сайраған тілден не пайда?
24 желтоқсан, 2013 жыл 210 Басып шығару нұсқасы

Сөзімізге амалымыз сай болмаса, сайраған тілден не пайда?Біз жақсы амалдарды, Ислам дінінің құндылықтарын, ненің халал, ненің харам екендігін, рұқсат етілген амалдар мен тыйым салынған істерді Құран мен Хадистер жазуынан және уағыздардан естіп, көреміз. Бірақ бір өкініштісі, барлық айтылған Ислам құндылықтары және ішкі жан дүние жайындағы сөздер, тек «жақсы сөз» ретінде болып қалып, амалдарда көрінбей жатады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тәрбиесін алған адамдар заманында сөз аз, іс көп болатын, уағыз айтатындар да аз болған. Өткен ғасырдағы мұсылман ғалымдардың айтып кеткен ұлағатты сөздердің бірінде: «Егер білімсіздер үндемегенде, бүлікшілер жол бастамайтын еді», - дейді. Али ибн Абу Талиб (р.а.) өзінің құтбасында: - Ей, иман келтіргендер, егер сөз әлемді өзгертетін болса, онда біз сағат сайын әлемді өзгертіп жатырмыз, сөзді тастап амалға кірісейік – деген. Шынымен, түсінген адамға бұл сөздің берері көп.


Дамаскіде өмір сүрген бір қарт, күндердің бір күнінде шапан киген мұсылманның уағызын тыңдап, оған: - «Ей, Алланың құлы, айтып жүрген сөзіне сәйкес киім ки және киіп жүрген киіміңе сәйкес сөз айт» - деген екен. Бұл сөздің жаны бар. Дегенмен, өзіміздің сырт кейіпімізге қараймыз деп, дінді екінші орынға койып алмауымыз керек. Қазір, барлық адамдар көзімізге жылтырап көрінеді. Ал бүтіннің ішінде не бар. Кезіңде Дамаскіде бас биті көбейіп кетіп, тұрғындардың мазасын алған уақыт болған. Биттің көбеюінің себебі-сол жердің тұрғылықты әйелдері, шаштарына қойған қымбат әсемдерін бұзбайын деп шаштарын жумай жүретін. Салыстырмалы түрде мынаны алып қараңыз. Заманымыздың жастары, бұл жерде тек бойжеткендеріміз ғана емес, бозбалаларымыз да бар. Батыстың желөкпелеріне еріп, жырым-жырым кигені де, биттің көбейгені сынды. Сән қуғандағы жеткеніміз осы. Ақиқатында, қазіргі таңдағы мұсылмандарды, сол мал-дүние, менменшілдігі арқылы дұшпандары тізе бүктіреді. Мұсылмандар өз нәпсілерінің құлы болып зәулім-зәулім мешіт медреселер соғып жатыр. Бірақ сол мешіттерде жиналған адамдар арасында бір-біріне деген көреалмаушылық пайда болды, бір-бірлерін іштей жек көретін бола бастады. Сондықтан, біздер - мұсылмандар мешіттерді, медреселерді әсемдейміз, мал-дүниеге қызығамыз деп, қоғамды тастап кетуге, қоғамнан бөлінуге жол бермеуіміз керек. Қазіргі таңда Исламның атын жамылып, көптеген бұзақылық істерді жасап жүргендер аз емес. Демек көптеген бауырларымыздың әрекет-амалдарының көбісі нәпсінің қалауымен болып, бос сөздердің көбейіп, амалдардың азайғанының көрінісі. Ал сөзімізге амалымыз сай болмаса, сайраған тілден не пайда?


Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы: Жаримбетов Мұхит

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары