Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кеш батқанда балаңды сыртта ойнатпа. Себебі бар!
31 мамыр, 2017 жыл 559 Басып шығару нұсқасы

Балалар сыртта, емін-еркін ойнағанды жақсы көреді. Кейде күнұзаққа ойнап, кештің батқанын олар да, біз де байқамай қаламыз. Тек қараңғы түскенін көріп «үйге кір!» деп шақырып аламыз.

Ал баланы кеш батқан соң сыртта қалдырмау керектігін білесіз бе? Оның себебі неде?

Жәбир (Оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Түн қанат жайғанда (яғни, кеш батқан кезде ) жас балаларыңды үйде ұстаңдар (яғни, осы уақытта оларды сыртқа шығармаңдар), өйткені сол кезде шайтандар (жер бетіне) тарайды, ал түннің біраз уақыты өткен соң оларды жібере беріңдер...», - деді»,- деген (Сахих Муслим).

Мұнда күн батқаннан түн қараңғылана бастаған кез туралы айтылған. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл уақытта шайтандар көп болатындықтан, олардың жас балаларға зиян тигізуінен қауіптенген. Ибн әл-Жәузи: «Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы уақытта балалар үшін қауіптену себебі, олар (балалар) көбінесе шайтаннан қорғану дұғаларын біле бермейді. Ал шайтандар таралған кезінде мүмкін болғанның бәріне жабысады» - деген.

nurgasyr.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары