Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Базардағы «сығандардың» құпиясы ашылды
31 мамыр, 2017 жыл 2181 Басып шығару нұсқасы

Көшелерінде баласын көтеріп, қайыр тілеп жүретін әйелдерді жиі байқауға болады. Көпшілік олардың қайдан келгенін, қай ұлттан екенін білмейді.


«Бізде жұрт жоқ, әр жерде осылай жүреміз. Сығандар олар «русскийлер», біз — мұсылман, лолылармыз. Біздің арғы аталарымыз Ло деген жігіт пен Лы деген қыз болған, олар туыс бола тұра, үйленіп қойыпты. Содан біздің үлкендеріміз оларды қарғап, «лолы» деп атап кеткен. Елден қуылған соң, олар қол жайып, қайыр тілеп күн көреді», — дейді келіншек.

Ману бізбен қазақ тілінде еркін сөйлесті. Қолында алты айлық баласын көтеріп, Алматыда жүргеніне екі жарым жылдан асыпты. Бұлар сығандардың шығыстағы бір тармағы, өздерін мұсылман санайды. Келіншектің айтуынша, ол көзін ашқалы қайыр тілеумен айналысады екен.

«Біз оқымаймыз, киінбейміз, қыдырмаймыз. Қайыр сұрамасақ болмайды, ауырамыз. Күйеуім «стройкада» істейді, қызым мен ұлым «Саламат» базары жақта жүр. Өзім Арбатта қайыр тілеймін. Алматыда ақша көп, адамдары «добрый». Өткен жылы Астанада болғанбыз, ол жақта ақша аз, адамдары да жаман», — дейді қайыр тілейтін келіншек.

Манудың айтуынша, Алматыда күн сайынғы табысы кемінде 1500-2000 теңгені құрайды. Ал жұма күндері он мыңға дейін табыс табатын кездері болады екен. Күн сайын таңғы сағат жетіде жол тосатын келіншек баласын арқалап, үйіне түн бата барады.

«Таңғы бесте тұрамыз, намаздан кейін көшеге кетеміз. Кешке үйде жиналамыз. Қыста «квартир» жалдаймыз, жазда палаткада жатамыз. «Квартирымыз» Дархан ауылында. Ақша жетпейді, баламның памперсі бар, тамағымыз бар. Оның үстінде көшеде қайыр тілегеніміз үшін «аренда» төлейміз», — дейді Ману.

Иә, Алматы көшелерінде тыныш қана қайыр сұрау үшін олар өздеріне бас-көз болып отырған адамдарға күндік табысының бір мөлшерін беріп отырады. Бастықтарын өздері де көрмеген, тек кешке бір жігіт келіп, ақша жинап кетеді екен.

Айта кетерлігі, Мануды әңгімеге тартқанымыз үшін ақша төлеуге тура келді. Манудың Тәжікстанда өз үйі бар. Ол Алматыда ақша үшін жүргенін, біраз жылдан соң еліне қайтатынын айтты.

Бұл туралы nur.kz жазды.

jasqazaq.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары