Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ауыз ашарда бұл тағамдар дастарханыңда болсын
28 мамыр, 2017 жыл 3395 Басып шығару нұсқасы

Алдымен ауыз ашқан кезде құрмамен, сумен немесе сорпа, ет қосылған көкөніс тағамы сияқты жеңіл тағамдармен ауызашарды бастау керек.  Асқорытуға 15-20 минут ажыратқаннан кейін майы аз, отқа піскен етті тағамдар, бұршақ тұқымдастар, көкөніс тағамдары, салаттар, айран сияқты тағамдармен жалғастыру керек. Ашығу кезінде адамның жүйке жүйесі, асқазаны тітіркенген жағдайда тұрады. Әлсіреп, шаршап тұрасыз. Сондай кезде, бірден қуырылған тамақ жеуге болмайды. Екіншіден, ащы тамақ жеуге тағы болмайды. Өйткені ашығу кезінде асқазандағы сөл көбірек бөлініп тұрады да, қышқыл бөлу деңгейі сәйкес келмей астың қорытылуына кері әсерін тигізеді.  Рамазан айында жүйесіз тамақтанған адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазанның ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін.

Сондықтан, бүгіннен бастап ащы, майлы, кофе сияқты тез шөлдететін, асқазанға салмақ түсіретін тағамдардан бас тартып, ағзаңызды жеңіл әрі құнарлы тағамдарға үйретіңіз. Ас мәзіріңізден қою шайды, тәттілерді (кондитерлік өнімдер), газдалған сусындарды алып тастаңыз. Себебі бұлар ағзаңызды әлсіретіп, қарныңызды тез аштырады. Оның орнына:

 

– талқан, тары
– көкөністер мен жемістер;
– күріштен жасалған жеңіл тағамдар;
– қарақұмық, құрма
– сұлы жармасы

– табиғи шырындар: морс, каркаде, компот
– жасыл көкөністер

– кептірілген өрік, мейіз, жаңғақ;

– жалбыз шайы, көк шай;

– қызанақ, зәйтүн, арпа наны;

– сүт өнімдерін көбірек қолданыңыз. 

 

Суды тамақтанып болған соң ішкен абзал. Алайда, жатар уақытқа суды тым көп ішуге де болмайды.  Тамақты да асықпай, аз-аздан жеңіз, қарным ашып қалады деп қатты тойып алмаңыз. Сәресіге де уақыт пен орын қалдыруды ұмытпаңыз. Ауызашар кезінде орташа мөлшерде тамақтану Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннет амалына жатады. Өз уақытында өз мөлшерімен ауызға салған тамақты асықпай жеу адамның өзіне, денсаулығына пайдасы мол. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы бір сүннетін барша сахабалары мен ізбасарлары  толық орындап келген. Және бізге үмметтеріне де осы қағиданы үлгі етіп қалдырған.

 

Алла Тағала Рамазан айында ұстаған оразаларыңызды, жасаған жақсылықтарыңызды, тілеген дұғаларыңызды қабыл еткей! 

www.asylarna.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары