Қарағанды 13:22 Бесін
  • 07:22 Таң
  • 08:53 Күн
  • 13:22 Бесін
  • 15:56 Екінті
  • 17:42 Шам
  • 19:13 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Алла елшісі (ﷺ) Омардың (р.а.) үйіне неге кірмеді?

     Бірде Алла елшісі (ﷺ) Саъад бин Убадатты оның қызғаншақтығы үшін мақтаған. Бізге жеткен хадисте «Саъад бин Убадат Алла елшісінен (ﷺ) былай деп сұрады: «О, Алланың пайғамбары, егер мен әйелімді өзге еркекпен көрсем, маған төрт адам куәлік етпейінше әйеліме тиісуіме болмайды ма?». Пайғамбар (ﷺ): «Ия, болмайды» деді. Сонда Саъад айқайлап жіберіп: «Сені бізге шындықтың айнасы етіп жібергенмен ант етейін, мен куәлік беруші төрт адам табылғанша шыдай алмаймын» деді. Сонда Алла елшісі (ﷺ): «Саъадтың айтып отырғанын тыңдаңыздар, расында ол қызғаншақ, мен оданда өткен қызғаншақпын, ал Алла менен өткен қызғаншақ» деген екен (имам Мүслім). Ал, имам Бұхариден жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ): «Сендер Саъадтың қызғанышына таң қалып тұрсыңдар ма? Мен Саъадтан өткен қызғаншақпын, ал Алла менен де өткен қызғаншақ» деп келеді. Алланың қызғаншақтығы жайлы айтқанда айтылған ойды дұрыс түсінген жөн.  Хадис шарифте былай делінеді: «Расында, Аса мәртебелі Алла қызғанады. Ол Өзі жаратқан мұсылман Өзінің харам еткен нәрсесімен айналысқанда немесе пайдаланғанда қызғанады» (имам Бұхари, имам Мүслім, Тирмизи, Ахмад). Біз харам етілген кез-келген нәрсені, тіпті ол тамақ, ұрлық, зинақорлық және т.б. амалдар жасағанымызда Алла қызғанады. Яғни, Алла біздің амалымызға наразы. Алла қызғана отырып, мұсылман жанның тура жолды тапқанын қалайды. Өзіне деген құлшылығын арттырып, жақындай түскенін қалайды.

Алла елшісі (ﷺ) қызғаныш туралы айтқан тағы бір хадисте: «Қызғаныш ол – иманнан, ал немқұрайлық ол – екіжүзділік» (Байхаки, Баззар) деген.  Екіжүзділікті белгісі болып, өз отбасы мүшелеріне немқұрайлылық таныту, қызғаныштың жоқтығы. Ал, адам белгілі шекпен қызғанатын болса, онда ол – иманның белгісі. Адамзат бойындағы жақсы қасиеттердің біріне қызғаныш сезімі де кіреді. Абу Хурайрадан жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ) айтты: «Мен ұйықтап жатқанымда түс көрдім. Түсімде мен Жұмақта екенмін. Онда бір сәулетті ғимараттың жанында бір әйел дәрет алып отыр екен.  Мен одан: «Бұл кімге арналған ғимарат?» деп сұрадым. Ол: «Омар үшін» деп жауап қатты. Сосын мен Омардың қызғаншақтығын есіме түсіріп, (әлгі әйел мені, мен ол әйелді көрмеуім үшін) кері бұрылып кеттім. Омар бұл оқиғаны естіп, жылады да: «О, Расулуллаһ, сенен қалайша өзгені қызғанар едім» деді», - деген. Әли (р.а.) халиф болып тұрған кезінде, жанындағы ер азаматтарға былай деген: «Сендер ұялмайсыңдар ма? Сендер қызғанбайсыңдар ма? Өз жұбайларың бөтен ерлермен кездесуіне жол бересіңдер ма? Әйел ерге, ер әйелге қарайды. Алла жұбайына деген қызғанышы жоқ адамның абыройын төмендетсін!» («Жауахир-уль Имания»). 

Осы ретте айта кетерлігі, қызғаныштың да өз орны бар. Шектен шығар қызғанышқа жол берілмеуі қажет. Оның арты үлкен қауіпке апарып соғары белгілі.

Баршамызға Алланың мейірімі түскен, қайырымды құл болуды нәсіп етсін.

 

Нұров Махмуд қажы Нұрұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    03 қаңтар 2019 жыл Жеті ата
    25 желтоқсан 2018 жыл НАМАЗДА ИМАМ ҚАТЕЛЕССЕ
    © 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика