Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адал саудагерге қиямет күні берілетін сый бар
20 ақпан, 2019 жыл 270 Басып шығару нұсқасы

Қазір көпшілік ортада «Алдамасаң, базар жоқ», - деген пікір қалыптасқан. Асыл дінімізде алдағанның арты жақсылыққа апармайтыны белігілі. Ғұламалар өтірікті үлкен күнәлардың қатарына жатқызған. Сауданың аты, сауда деп өзіңді алдамсыратудың да жөні жоқ. Өйткені, сауданың шариғат бекіткен өз заңдылығы бар. Хазреті Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінен ең жақсы табыс қайсысы екенін сұрағанда: «Кісінің қол еңбегімен тапқан және дұрыс жасалған (мәбрур) сауда-саттық», -деп жауап берген. Әлбетте, Алла Тағала бізге «Сауданы халал, өсімді харам етті» («Бақара» сүресі, 275-аят). Адам баласы өз қажеттілігін өтеу үшін, нәпақа табу үшін саудамен айналыса бастады. Ал, өсімге Раббымыз тыйым салды. Біреуге қарызға ақша беріп, үстінен үстеме ақша алу, банктен несие алу т.б, пайыздық үлес қосылатынның барлығын харам етті. Ешқандай, күш түсірмей жеңіл жолмен ақша табу дінімізде құпталмайды. Саудаға қайта оралсақ, сауда-саттық та берекелі болу үшін шариғат шеңберінен шықпаған абзал. Мысалғы, дүниеңді өткізу үшін тұтынушыны алдап арбамаған жөн. Хадистердің бірінде: «Ей, саудагерлер қауымы! Сауда-саттыққа бос сөз бен жалған ант су ішу араласқандықтан мұның орнын садақаларыңызбен толтырыңыздар», -деп алдын-ала үмметіне ескерту жасаған болатын. Тағы да ардақты елшіміздің мына бір іс-әрекеті де көпшілікке өнеге.

Бірде Алла елшісі (ﷺ) базарға барып, бір саудагерден бидай алмақшы болады. Қараса, қаптың астыңғы жағындағы бидай дымқыл екен. Сатушыдан, мынауың не деп сұрағанда, жаңбырға тиіп су болып қалды дейді, сонда Пайғамбарымыз(ﷺ) : «Кім алдаса ол бізден емес. Тауардың аз ғана мөлшерін болсын кем өлшеуге де рұқсат жоқ», -деп саудагердің бұл әрекеті дұрыс емес екенін айтқан екен.

Қасиетті Құран Кәрімде де: «Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш! Олар қашан өлшеп алса, толық өлшеп алады да. Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді. Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма?», -деп ескерткен. («Мутаффифин» сүресі, 1-4 аят). Пайдакүнем саудагерлерге жаза болатыны сияқты, Раббысынан қорқып, адал нәпақа тапқан саудагерге де аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың дайындаған сыйы бар. Ол туралы хадис шәріпте: «Сөзі мен ісі адал саудагер қиямет күні арштың көлеңкесінде болады» (Ибн Мәжә, Тижәрат,1), -делінген. Тағы бірде Расулалла (ﷺ) : «Кімде-кім азық-түлік заттарын жинап, базардың (шын бағаға) сатса, оны садақа етіп бергендей сауапқа қол жеткізеді», -деп мадақтаған.   

Саудамен айналысқан мүмін үшін тағы бір жіті ескеру керек нәрсе, саудасы  тек дініміз рұсат еткен заттар болу керек. Яғни, Алла Тағала харам еткен арақ-шарап, шошқа еті тағы сол сияқты екі дүниеде де пайда әкелмейтін нәрсені саудалауға болмайды. Алла Тағала харам затты жасаған, тапсырыс берген, пайдаланған, сатқан адамғв лағынет айтқан.  

Алланың қарғысына қалғанша, адал жолмен еңбек етіп, Раббымыздың рақымына бөленген ақыреттік амалдардан болмақ. Ақшаның құлы болып, ашкөзденіп, соңынан қуып кетуге де болмайды. Байлыққа тойдым, деп айтқан ешкім болған емес. Сондықтан да, Алланың бергеніне шүкір ету қажет. Хадисте айтылғандай: «Байлық мүлкіңді көбейткенмен өлшенбейді, нағыз байлық адамның ішкі дүниесінің байлығы».

Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы

«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары