Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қорыл жайлы мұны білмеппін
21 сәуір, 2017 жыл 2024 Басып шығару нұсқасы

30 жастан асқан ер адамдардың 24%-ы қорылдайды. Өкінішке орай қорылдау — бөлмедегі көршіңізге бөгет жасайтын тек дыбыстық феномен емес, бұл өмірдің ұзақтығына әсер ететін ауру. Ұйықтау кезінде демі тоқтап қалатын адамдар көбінесе жүрек-қан тамырларының асқынуынан басқаларына қарағанда 10 жыл қысқарақ өмір сүреді. Қорылдау инфаркт пен инсульттың мөлшерін, жүрек соғысының бұзылу қаупін, гипертонияны айтарлықтай арттырады.

Бұрын, дәрігерге көріну үшін міндетті түрде қорыл ғана емес, ұйықтап жатқанда дем тоқтап қалып, апноэ белгілері болу керек деп саналатын. Қазір жоғарыда аталған себептерге байланысты дем алуға қатысты ауытқуларға аса мән беріледі, тіпті жәй ғана қорыл—немесе гипопноэ, яғни демді ішке тартудың азаюының өзі емдеуді қажет етеді. Бағымызға орай заманауи медицина оны жоюдың жолдарын ұсына алады.

Қорылдаған жағдайда не істеу керек?

Алғашқы сатысы — тек қорылдау ғана ма, әлде ұйқымен байланысты тағы да басқа аурулар бар ма екенін анықтайтын сомнологтың кеңесін алу керке. Екінші сатысы — тыныс алу, инсомния мен басқа да сирек кездесетін аурулардың түрі мен деңгейіне байланысты сұрақтарды шешу үшін ұйқыны зерттеу. Үшінші сатысы: емді таңдау. Кейбір жағдайларда жұмсақ таңдайға ота жасауға мүмкіндік болады, шынын айтқанда, ота жасалғандардың көпшілігінде бір жылдан кейін бұл белгілер қайта қайталанып жатыр деп айтушылар көбейіп жатқандықтан, мұндай оталарды жасау мүмкіндігі жыл өткен асйын азайып барады.

Егер сомнолог ота жасау керек емес немесе мүмкін емес деп шешсе, пациентпен басқа екі нұсқа талқыланады. Біріншісі — тіс жақтаулары: бұл астыңғы жақты алдыға жылжытып, таңдайдың қалқанын тартатын үстіңгі және астыңғы жаққа салынатын заттар. Оларды арнайы технологиямен жасалған мықты, көп қабатты, антибактериялық пластиктен дербес көшірме бойынша жасайды. Бұл үрдіске сомнологиялық шиналармен жұмыс істеу үшін сертификатталған стоматолог пен емдеудің тиімділігін бағалайтын сомнолог қатысады. Екінші жолы — ұйықтау кезіндегі бетперделік желдеткіш: пациентке арнайы аппаратпен тыныс алу жолына ауа беріп тұратын силиконды бетпердені таңдайды. Бұл тәсіл орташа және ауыр деңгейдегі апноэ белгілері бар кезде жиі қолданылады және бүгінгі таңда ұйықтау кезінде тыныс алудың бұзылуынан болып жатқан негативтерді жоюда ең дәлелденген жол болып табылады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары