Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл дұғаны оқысаңыз сізге ен нәрседен зияндық тимейді
21 сәуір, 2017 жыл 1344 Басып шығару нұсқасы

Оқылуы:

Ә‘уузу би кәлимәәти-лләәһит-тәәммәәти мин шәрри мә халәқ.
 

Мағынасы:

Алланың мінсіз сөздерімен* күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтанамын!

Ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымызбен ған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге болу құрметіне бөленген сахаба Әбу Хұрайра ған Алла разы болсын) бұл дұға жайлы мына оқиғаны тілге тиек еткен: «Бір кісі Алла елшісіне ған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Кеше түнде мені шаян шағып алды – деп, түні бойы көз ілмегенін айтып, мұңын шақты. Сонда Пайғамбарымыз(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Егер кешкісін мына дұғаны оқығаныңда, ол сені шақпас еді», – деген екен.

Сондай-ақ, Имам Тирмизидің еңбегінде Суһәйл ибн Әбу Салих ған Алла разы болсын): «Айналамыздағы адамдардың барлығы осы дұғаны жаттап алып, күн сайын кешкісін оқып жүретін. Бірде қызметші әйелдердің бірін шаян шағып алды, бірақ, ол әйел одан ешқандай да зиян шекпеді», – деген.

Жоғарыда келтірілген деректерге қоса осы дұғаға қатысты басқа бір хадисте Пайғамбарымыздың ған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім қандай да бір жерге (панажайға) ат басын тірегенде мына дұғаны оқыса, сол жерден аттанып кеткенге дейін оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды», – деп айтқаны риуаят етілген. 

Құран Кәрім және Алла Тағаланың көркем есімдері мен сипаттары
(Муслим, Китәбу әз-зикр 4883; Сунәну Тирмизи, да‘ауат 3359; Сунәну Ибни Мәжа, тыб 3538) 
"Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары" кітабынан

mazhab.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары