Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Неге өлім сәтінде адам дүниеге қайта оралып садақа бергісі келеді?
17 сәуір, 2017 жыл 945 Басып шығару нұсқасы

"Сендерден біріңе өлім жетіп: "Иа, Раббы! Маған жақын бір мерзімге дейін мұрсат берсең, сонда мен садақа беріп әрі түзулерден болар едім,"- деп айтуынан бұрын, Біз сендерге ризық етіп берген нәрселерден /зекет, садақа/ беріңдер" ("Мұнафиқун" сүресі, 10-аят).

Осы аятты оқып отырып "Неге өлім сәтінде адам дүниеге қайта оралып садақа бергісі келеді? Неге намаз оқысам, қажылыққа барсам демейді?" деген сұраққа кезіктім... Өз сауалыма өзім жауап таппай тосылдым... Сіз ше? Осы сауал төңірегінде ойланып көрдіңіз бе?

Садақаның қайтыс болған адамға беретін пайдасы зор болғандықтан, Алла Тағала оны Құранда келтіріп жатыр. Себебі, мәйіт дүниеде берген садақасының сауабын басқа амалдарынан бұрын көреді. Хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Мүмін адам Қияметте өзінің садақасының көлеңкесінде болады" деген(Хайсами, "Мажмағу Зауаид" ІІІ том, 113-бет).

Осы орайда "Есеп күні бірінші сұралатын амал намаз емес пе еді?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Ғұламалар бұған былай деп жауап береді: "Бұл Есепке дейін болуы мүмкін. Намазы, зекеті, оразасы, қажылығы және құлшылығы, жақсы не жаман амалдарының барлығы есепке тартылмай тұрып, адамдарға Күн жақындатылады. Сол кезде адамдардың барлығы терге малшынып, өзінің күнәсіне байланысты теріне әр түрлі деңгейде бата бастайды. Есеп басталмай қиналып жатқанда, ешкімнің ешқандай көмегі тимейтін кезде мүмін адам өзінің садақасының көлеңкесінде болады" деп түсіндірген. Сол үшін "Өздерің үшін, қайтыс болған туысқандарың үшін садақа беріңдер".

Мәйіттің дүниеге қайта келіп, садақа беруді армандауының себебін ұғынғаннан кейін дүниеден өткен жақындарымыздың атынан садақа берейік, және өзіміз де садақа беруді ұмытпайық! Бұхариден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жомарт адам еді, алайда Рамазан айында ең жомарт адамға айналатын еді делінген. Қасиетті Рамазан айында садақа беруді бастап, әдетімізге айналдырайық. Адам өмірден өтсе де, тоқтамайтын ізгі амалдарының бірі – артынан дұға жасайтын салиқалы ұрпақ қой. Сол ұрпағымыз ертең біз үшін де садақа бергенін қаласақ, бүгін өзіміз садақа беріп, оларға іспен үлгі болайық, Алланың берген ризығын елмен бөлісуді баламыздың санасына сіңірейік!

"Садақа беруші адам өзінің садақасының кедейдің қолынан бұрын Алланың қолына түсетінін шынайы білген болса, берушінің ләззаты алушының ләззатынан жоғары болар еді".

Нұрмұрат Мүсәйіп 

http://alashainasy.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары