Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл уақытта айналаға шайтандар жайыла бастайды
15 сәуір, 2017 жыл 2611 Басып шығару нұсқасы

Алғашқы мұсылмандардың өмір-тіршілігіне көз жүгіртсек, түске дейінгі уақыттарда балаларының ойнау үшін сыртқа шығуына рұқсат бергендерін, кішігірім үй қызметтерін атқаруға қолқабыс ретінде жұмсағандарын көреміз. Ойынға шыққан балалардан түскі ыстық айналаны баспай тұрып үйге оралуды талап еткен. Бұны      Пайғамбарымыз да бір мәртесінде ескерткен болатын. Немерелері Хасан мен Хұсейінді хазірет Әли өзімен бірге сыртқа ала кетеді. Пайғамбарымыз қызының үйіне келгенде немерелерінің үйде жоқ екенін көріп, оларды іздеп шығады. Хазірет Әлидің қасында ойнап отырғанын көргенде, қастарына жақындап: «Уа, Әли, балаларымды ыстық түспей тұрып үйге әкелмейсің бе?», – дейді. Екінді уақытында балалар қайтадан сыртқа шығып, кейбіреулері мешітке баратын. Кешқұрым далаға ойынға шыққан балалардан ақшам намазының уақыты кіргенде қайтадан үйге кіру талап етілетін. Себебін Пайғамбарымыз: «Күн батып, айналадағы ала көлеңкеліктің орнын түннің қараңғылығы басқанға дейін балаларыңды сыртқа шығармаңдар. Себебі, бұл уақытта айналаға шайтандар жайылады. Қараңғылық әбден орнағаннан кейін оларды шығарсаңдар болады»249, − деп түсіндіретін.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары