Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сондықтан күн батарда ұйықтама
15 сәуір, 2017 жыл 18177 Басып шығару нұсқасы

     Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бойында әдет ретінде қалыптасқан дағдының бірі − таң намазынан кейін ұйықтамау болатын. Тіпті үмбетіне де таң намазынан кейін ұйықтауға тыйым салған. «Күн шығарда ұйықтау – мең-зеңдік, ортасында ұйықтау – әдеп, күн батарда ұйықтау – ессіздік», − деп ескерткен246. Өзі таң намазын оқып болған соң мешітте отырып, сахабалармен сұхбаттасатын, олардың сұрақтарына жауап беретін. Таң намазы уақыты шыққаннан кейінгі шамамен 45 минуттық уақытты Ислам дінінде «мәкрүһ уақыт» деп атаған. Осы уақытта намаз оқуға, сәжде жасауға болмайтыны айтылады. Пайғамбарымыз бұл кезде ұйықтауға да болмайтынын жоғарыдағы хадисінде ескертеді. Үлкендеріміздің де «күнмен таласып ұйықтама» дегені – осы күн шығардағы және күн батардағы уақыт. Екі кештің ортасы дегеніміз күн батып бара жатқан кез. Пайғамбарымыз күн батар кезде де ұйықтауға тыйым салған. Жоғарыдағы хадисінде: «күн батарда ұйықтау – ессіздік» деп айтқанындай, бұл уақытта ұйықтау адамды шын мәнінде дел-сал етіп, оянғанда тіпті өзінің қайда, қашан жатқанын, күннің қай кезі болғанын бір сәтке еске түсіре алмайтындай есеңкірететін бір кез.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары