Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тозақтан алыстататын іс
15 сәуір, 2017 жыл 1036 Басып шығару нұсқасы

     Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) былай дейді: «Бірде Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда болдым. Бір күні оған жақынырақ келе жатқанымда: «Уа, Расулалла! Маған мені жұмаққа кіргізетін, тозақтан алыстатын іс туралы айтып беріңізші», – дедім. Ол (с.а.с.): «Расында, үлкен нәрсе туралы сұрадың. Алайда ол Алла жеңілдеткен жан үшін жеңіл іс. Ол – Аллаға ешнәрсені серік қоспай құлшылық қылуың, намаз оқуың, зекет беруің, рамазанда ораза тұтуың, қажылыққа баруың», – деді. Сосын: «Саған ізгіліктің қақпалары туралы айтып берейін бе? Ол, ораза – қалқан. Ол – судың отты өшіргені сияқты күнә-қателіктерді өшіретін садақа. Ол – бір кісінің түн жарымында оқыған нәпіл намазы», – деді. Сосын мына аятты оқыды: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап (түнде ұйқыдан тұрып) Раббыларына үрейленіп, үміт етіп жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Расында істеген ізгі ісі үшін қандай көзайымдар сақтаулы тұрғандығын ешкім де білмейді» (Сәжде, 16,17). Сосын: «Саған істің басы, өзегі және шоқтығы туралы айтайын ба?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Расулалла», – дедім. Ол (с.а.с.): «Істің басы – Ислам, өзегі – намаз, шоқтығы – имани күрес», – деді. Содан кейін: «Осы айтылғанның барлығының ұстап тұрудың жолын көрсетейін бе?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Алланың пайғамбары», – дедім. Сонда ол (с.а.с.) тілін ұстап көрсетіп: «Мынаған ие бол!» – деді. Мен: «Уа, Алланың пайғамбары! Сонда біз сөйлеген сөзіміз үшін жазаланамыз ба?» – деп сұрадым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Әй, Мұғаз! Адамдар тозаққа етпеттерінен сүйретіліп апарылғанда осы тілдерімен айтқандарының жазасы үшін апарылмай ма?» – деді. (Термези, Ахмет, Ибн Мәже, Хаким, Бәйһақи риуаят еткен).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары