Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл ыдыстың бетін ашық қалдырма
20 желтоқсан, 2020 жыл 1552 Басып шығару нұсқасы

Алғашқы мұсылмандардың өміріне көз жүгіртсек, күнде екі мезгіл тамақтанғандарын көреміз. Бірақ тамақ мәзірлерінде харам астың тысындағы азықтардың бәрін тұтынғанын көруге болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) азықтарды қоректік пайдасына қарай хадистерінде мақтап, сол азықтардан жеуге шақырған. Мысалы, ет, сүт, бал, арпа, бидай, асқабақ, зәйтін майы, тауық, қоян еті, ірімшік, т.б. азықтардың пайдасы хадистерде айтылған. Балаларға тамақ жеудің мынадай әдептерін көрсеткен: тамақтан бұрын және кейін қол жуу, тамақты «бисмилләһпен» бастау, дұғамен бітіру, оң қолмен жеу, өзінің алдынан жеу, тамақты жатып жемеу, қолды тіреп отырмау, тамаққа мін айтпау, нанның, тамақтың дастарқанға түскен үгінділерін тастамау, суды үш мәрте бөліп ішу, кесенің сынған жерінен су ішпеу, су құйылған ыдысқа ауызды малып ішпеу, тамақ салынған  ыдыстардың бетін ашық қалдырмау, тамақты қатты ыстық күйінде жемеу. Ауруға жол ашатын себептердің бірі хадисте былай түсіндірген: «Ыдыстарыңның бетін жауып жүріңдер, дорбаларыңның аузын байлаңдар. Себебі, жыл ішінде бір түн бар, сол түні оба түседі. Беті ашық қалған ыдыстар мен аузы байланбаған дорбалардың бәрінің ішіне кіреді».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары