Бір күні Умму Сәләмәның қасына барғанда жүзі солғын тартқан бір қызды көрген. Іле оған көз тигенін сезіп, дереу оқытуды бұйырған. Ем-шараларда үнемі тек адал нәрсені қолдануды дұрыс көрген. «Аллаһ харам нәрселерде шипа жаратпады», «Харамды ем ретінде қолданбаңдар»215 деген өсиеттері арқылы мұсылмандарға емделу барысында харам нәрселерден бойларын аулақ ұстауды ескерткен. Ем ретінде арақты қолданғысы келгендерге: «Ол шипа емес, керісінше ауру» деп тыйым салған216. Әркез мұсылмандарға денсаулыққа көңіл бөлуді өсиеттеген. Керек кезінде дәрігерге қаралуды, кей жағдайда ауруларға өзі жөн-жосық сілтеп, халық арасында қалыптасқан емдік шараларды қолдануды өсиет ету арқылы шипа іздеуді мұсылмандарға ескертіп отырған. Сонымен қатар ауырған адамдарға сабыр сақтауды, Аллаһқа дұға жасау керектігін естен шығармауды бұйырған.
Пікірлер