Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Азан мен намаз арасындағы қысқа уақыт
04 ақпан, 2019 жыл 898 Басып шығару нұсқасы

Атасы мен немересі далада Алланың кереметтеріне тамсанып, тамашалай отыратын. Осындай кештердің бірінде немересі атасынан: «Адамның өмір сүру мерзімі қанша уақытты қамтиды?» деп сұрады. Атасына бұл сауал өте ұнап:

  • «Балам, адамның өмірі азан мен намаздың арасындағы уақытты қамтиды», - деп жауап берді.

Немересі түсінбей, қайталап сұрады.

  • Ол қалайша болғаны, адамның өмірі соншалықты қысқа мерзімді қамтиды ма?
  • «Иә, солай балам», - деп жауап қатқан атасы немересіне өз жауабын толықтай түсіндіруді жөн санады, – «Міне қара, адамның өмірі намазға шақырмайтын азанмен басталып, азаны шақырылмайтын намаздың арасын қамтиды».

Немересі ойдан шатасып:

  • «Ата, азансыз намаз, намазсыз азан болушы ма еді?», - деп сауалын басқаша өрбітті.

Атасы жымия күліп, баласының не түсінгісі келгеніне мән берді де жауабын мысалмен жеткізуді жөн санады.

  • Балам, есіңде ме өткен аптада біздің көршінің үйінде сәби дүниеге келді. Сосын ол көрші «жаңа туылған баланың құлағына азан шақырып беріңізші деп» менен өтініш сұрады. Сен мектептен келген соң екеуміз барып, көршінің өтінішін орындадық. Біздің ешқайсысымыз ол сәтте намаз оқыған жоқпыз, бұған өзің куә болдың. Міне, осы жағдай азан айтылып, бірақ намаз оқылмайтын сәт.
  • «Иә, ата, расында осылай болды», - деп немересе ойға шомып кетті.

Атасы өз ойын жалғастырып:

  • Енді азан айтылмай оқылатын намазға келсек: осыдан бірнеше ай бұрын сенің үлкен ағаң қайтыс болды. Біз барлығымыз оған жаназа намазын оқыдық.
  • «Иә, ата есімде, сол сәт жеңгем көп жылаған, тағы басқа да кісілер жылаған болатын. Сол сәт жеңгеме жаным ашып кетті...», - деп немересінің үні әлсіз ғана шықты.
  • Егер сен сол сәтте оқылған намазға мән берген болсаң, жаназа намаздың алдында азан шақырылған жоқ. Өйткені, жаназа намазының алдында азан шақырылмайды. Ал, енді ойланып қарасақ, осы жаназа намазының азаны шақырылып қойған. Сенің ағаң дүниеге келгенде көршінің құлағына мен азан шақырғанымдай, оның да құлағына бір кісі азан шақырған болатын.  Міне, балам, біздің өміріміз намазсыз айтылған азанмен басталып, азаны жоқ намазбен аяқталады... Бұл өмірдің аяқталу жаңа өмірге баспалдақ болады. Сол үшін, әрбір уақытыңа мұқият бол! Бір сәтіңді болсын бос өткізуші болма! Біз бар болғаны азан мен намаз арасындағы қысқа уақытта өмір сүреміз...

Түсіпбеков Асылхан Рақымжанұлы

Балқаш қалалық орталық мешіттің наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары