Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл адамның алдында 30 міндетің бар
11 ақпан, 2021 жыл 611 Басып шығару нұсқасы

Хазірет Алиден (р.а.) риуаят етілген мына бір хадиске назар аударайық: «Мұсылманның мұсылманда отыз ақысы бар. Бұлар жүзеге асырылмайынша, не кешірілмейінше, оған амандық (құтылу) жоқ». Мұсылманның отыз ақысы мыналар: Сəлемін алу; Көмектесу; Үнемі жақсылық жасау; Айыбын жасыру; Мұсылман бауырының қателігін кешіру; Жылағанда жұбату; Қателігіне көз жұму; Кешірім сұраса, кешіру; Реті келгенде ақылын айту; Қал-жағдай сұрасу; Жақсылығын жақсылықпен қайтарып, алғысын айту; Жоғалтқанын тауып алса иесіне беру; Тапсырмасын орындау; Жəбір көргенді құтқару; Бергеніне разы болу; Достығына сызат түсірмеу; Уəде де тұру; Ауырып қалса көңілін сұрау; Жаназасын шығару; Шақырғанда бару; Сый-сияпатын алу; Бауырының халалына (жарына) қарамау, өзгені де қаратпау; Туыстарына мейірбан болу; Тек жақсы сөз айту; Беретінін бөлек қою;

Залымды зұлымдығынан тыюға көмектесу; Зорлық көргенге жақсылық жасау; Өсектемеу, өсектетпеу жəне біреулер өсектеп жатса тыңдамау; Түшкіргенде «ярхамукаллаһ» (Аллаһ сені жарылқасын) деу; Өзі үшін тілегенін оған да тілеу; Бұлардың біреуін тəрк етсе, қиямет күні мұсылман бауыры одан осы ақысын сұрайтын болады»[215].

"Ала жіпті аттама"

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары