Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мәйітті жуу рәсімдерін біліңіз
22 тамыз, 2019 жыл 1116 Басып шығару нұсқасы

Мәйіт биіктеу орынға жатқызылады. Жуу  кезін­де жуатын және оларға көмектесетін кісілер­ден басқа ол жерде өзге адамдар болмауы – сүннет. Жуатын кісі  қолын  шүберекпен  орап немесе медициналық қолғап киіп  сумен  мәйіт  әуретінің  алды-артын  жуып истинжа (үлкен және кіші дәрет секілді ластықтардан тазарту) жасайды.

Әбу Ханифа (р.а.) үкімдері бойынша мәйітке алдымен истинжа жасап, содан соң дәрет алды­рады. Ал егер мәйіт туылғанда дауыс шығармаған шарана болса, дәрет алдырмайды, жаназа оқылмайды.

Мәйітті жуғанда екі қолынан емес, бетінен бастап жуады.

Абд ар-Рахман әл-Жазиридің (р.а.) “Әл-Жазири” атты кітабында: “әдетте адам денесін өзі жуатын болғандықтан екі қолының таза болуы қажет. Сондықтан да дәрет алу үшін адам алдымен екі қолын жуады. Ал мәйітті басқа адам жуатындықтан әуелі оның бетін жуумен бастайды. Жуушы сулы шүберекке оралған саусақтарымен мәйіттің аузы мен мұрнын сүртеді. Кейін мәйіттің сақал немесе шашы бар болса, оны сабынмен жуады”, – дейді. “Ат-Табиин” және Ат-Тахауи “Шархында”: “егер мәйіттің шашы болса тірі адам секілді жуындырылады. Егер мәйіттің шашы жоқ болса, сабынсыз таза сумен жуу жеткілікті”, – делінген. Мәйіт басына мәсіх тартылады. Оң жағынан бастап жуу үшін мәйітті сол жағына жатқызып, басынан аяғына дейін 3 рет су құяды. Мәйіттің арқасын жуу үшін етпетінен жатқызуға болмайды. Су екінші жағына жету үшін әрі-бері қозғайды.

Мәйіттің бүкіл денесіне бір рет су тисе, парыз кифая болады. Тағы екі рет жуу (үшке толтыру) – мұстахаб. Кейін мәйітті оң бүйіріне жатқызып, бастан-аяқ әуелдегідей сол бүйіріне үш реттен су құйып жуып шығады. Содан соң оны сүйеп отырғызып, жай ішін басып сипау керек. Егер нәжіс шықса жуып тастайды. Содан кейін мәйіттің сол жақ бүйіріне жатқызып, оң жақ бүйірінен су құю керек. Бастапқы 2 ғұсылда мәйітті жылы сумен сабындап жуу қажет. Үшінші рет жуғанда, иіс су немесе иіс май қосылады. Кейін мәйіт денесі құрғатылады. Сосын иіс май жағу – мұстахаб.

fatua.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары