Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тозақта жыландар мен айдаһарлар жіберілетіні рас па?
07 сәуір, 2017 жыл 540 Басып шығару нұсқасы

Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кәпірге екі жылан жіберіледі, бірі бас жағынан, екіншісі екі аяқ жағынан оны бар күшімен тістеп шағады. Олардан құтылғанымен бәрі қайтадан басталады, осылайша Қиямет күніне дейін жалғаса береді», – деген.

Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кәпірге қабірде тоқсан тоғыз айдаһар жылан жіберіледі. Қиямет күніне дейін оны жалап, шағып тұрады. Егер ол айдаһарлардың біреуі жерге демін жіберсе бұ дүниеде бірде-бір жасыл өсімдік өспес еді», – деп айтқан.

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кәпірге тоқсан тоғыз үлкен айдаһар жіберіледі. Үлкен айдаһардың не екенін білесіңдер ме? Ол – әрқайсысының жеті басы бар жетпіс жыланмен тең. Қиямет күніне дейін оны жалап, шағады», – деген.

Әнәстан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.) кәпірлер мен мұнафықтардың не жағдайға ұшырайтыны туралы: «Содан соң темір балғамен екі құлағының арасынан ұрады. Оның қатты шыңғырған дауысын жер бетіндегі адамдар мен жындардан басқаның барлығы естиді», – деген.

Бара ибн Азибтен жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Бұдан кейін қолына темір шоқпар ұстаған соқыр, саңырау, сақау біреу қасына келіп қинайды. Егер оның қолындағы шоқпармен тауды ұрса, топыраққа айналар еді», – деген.

hibatulla.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары