а)Əйелінің əпке-сіңлілері: ер азаматқа балдыздарымен, қайын апаларымен үйленуіне рұқсат жоқ. Бірақ əйелімен ажырасып кетсе немесе əйелі көз жұмса рұқсат етіледі.
ə. Əйелінің нағашы əпкелері жəне əйелінің əпке-қарындастарының қыздары: Ер азаматқа бұлармен де үйленуге болмайды. Бірақ жоғарыдағы жағдайдағыдай əйелімен ажырасса немесе əйелі өмірден озса, аталмыш əйелдермен үйленуіне шек қойылмайды. б. Кез-келген некелі əйел: біреудің некесіндегі əйел күйеуімен ажырасса немесе күйеуі қайтыс болса ғана басқа кісі оны əйелдікке ала алады. в. Мүшрік əйел: мүшрік əйел тəубе етіп, Исламды қабылдаса, онымен некелесуге рұқсат бар. г. Өзінің үш рет талақ айтып, ажырасқан əйелі: Егер ер кісі өз əйелімен үш рет талақ айтып ажырасса, онда əйелі басқа ер кісімен некесін қидырып, сосын қайта ажыраспайынша, өз күйеуіне қосыла алмайды.
"Тағлым тамшылары"
Пікірлер