Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Аяғы құтты қалыңдық таңдау үшін
06 сәуір, 2017 жыл 648 Басып шығару нұсқасы

Босаға аттаған келіннің етегінен қарадомалақтың өруі хадистермен құпталған. Жар таңдаған ер азаматтың осы мəселеге де көңіл бөлуі қажет. Бір кісі Аллаһ елшісіне (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен бір текті, беделді, бай əйелді таптым. Бірақ құрсақ көтермейді. Оған үйленуіме бола ма?» − дегенде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тыйым салады. Екінші рет келіп айтқанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тағы да қарсы болады. Үшінші рет жəне келіп сұрағанда: اْ ﻣُ ﻢَ َ ﺑ ﻜِ ﻢُ ْ ﻣ ﻜُ ﺎﺛ َ ﺮِ ٌ ﻓ ﺈَ ﻧِ ا ﱢﻲ ﻟ ﻮْ ﻟَ ﻮد ُ َ ا ﻟ ﻮْ دَ ود ُ َ ﺗ ﺰَ وَ ﱠﺟ ﻮا ُ «Сендер өздеріңе ұнамды жəне бала туатын əйелдерге үйленіңдер, өйткені мен басқа үмбеттердің алдында сендердің көптіктеріңмен мақтанамын», – деген екен.  Тағы бір хадисте былай деп айтылған: « ا ﻟ ﻤْ ﺘُ ﺨَ ﯿَ ﱢﻼ تَ ُ ا ﻟ ﻤْ ﺘُ ﺒَ ﺮَ ﱢﺟ ﺎت َ ُ ﻧ ﺴِ ﺎﺋ َ ﻜِ ﻢُ ُ ﺷ ﺮَ وَ ا ﷲ ﱠ َ ا ﺗ ﱠﻘ ﯿَ ﻦْ َ إ ذِ اَ ا ﻟ ﻤْ ﻮُ اَ ﯿِ ﺔَ ُ ا ﻟ ﻤْ ﻮُ اَ ﯿِ ﺔَ ُ ا ﻟ ﻮْ ﻟَ ﻮد ُ ُ ا ﻟ ﻮْ دَ ود ُ ُ ﻧ ﺴِ ﺎﺋ َ ﻜِ ﻢُ ُ ﺧ ﯿَ ﺮْ ُ » «Əйелдеріңнің ең жақсысы – Аллаһтан қорқатын, өздеріңе ұнамды, бала туатын, өздеріңе жайлы һəм жанашыр əйелдер. Ал ең жаманы – тəнін ашып жүретін, тəкаппар əйелдер». Хазірет Омар (р.а.) халифа кезінде жамағатқа айтқан құтпасында (уағыз) былай деген екен: «Пенде иманнан кейінгі кезекте көркем мінезді, өзі ұнататын жəне бала туатын əйелінен артық жақсылық көрген емес»

"Тағлым тамшылары"

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары