Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Режеп айында қанша күн ораза ұстауды өсиет еткен?
30 наурыз, 2017 жыл 2900 Басып шығару нұсқасы

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Мужибатул Баһилияның әкесінен (немесе немере ағасынан деп те келеді) жеткізген хадисте әкесі Пайғамбарымызға (с.а.у.) елші ретінде барып кездесіп, еліне қайтқаннан кейін бір жылдан соң Пайғамбарымызбен (с.а.у.) қайта жолығысады. Бұл уақытта әкесі қатты жүдеп кеткен еді. Тіпті, Пайғамбарымыз да танымай қалады. Әкесі Баһилии Пайғамбарымызға (с.а.у.) барып:

  • Уа, Алланың Елшісі! Мені танымадыңыз ба? – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Баһилииді қатты жүдеп кеткендіктен тани алмай:
  • Сен кімсің, танымадым... – дейді. Әлгі адам да:
  • Мен бір жыл бұрын сізге келген Баһилиимін, – дейді. Оның бұ халін көріп таңғалған Пайғамбарымыз (с.а.у.):
  • Неге сонша жүдеп кеткенсің? Сені алғаш көргенімде жағдайың әжептәуір жақсы еді ғой? –дейді. Сонда Баһилии:
  • Сіздің қасыңыздан кеткен күннен бері түнде ғана болмаса, күндіздері мүлдем тамақ жемедім, ораза тұттым, – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.):
  • Неге сонша өзіңді азаптап, қинағансың? Бұлай ет кім саған әмір етті? – деп Пайғамбарымыз (с.а.у.) Баһилиидің бұл қылығын кұп көрмейді де оған:
  • Сабыр айында (Рамазан) түгелдей, ал басқа айларда бір-бір күннен оразамен өткіз, – деп кеңес берді. Әлгі адам болса:
  • Ораза ұстайтын күндерімді тағы да арттырсаңыз, себебі, бұдан да көп ұстауға шамам жетеді, – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
  • Онда әр айда екі күннен ораза ұста!
  • Тағы да қоссаңыз...
  • Онда әр айда үш күннен ораза ұста!
  • Тағы да біраз қоссаңыз... Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) тұрып:
  • Харам айларында (Рәжәб, Зүл-қағда, Зүл-хижжа және Мухаррам) үш күн ораза тұтып, үш күн тұтпа, үш күн тұтып, үш күн тұтпа, үш күн тұтып, үш күн тұтпа, – деп үш саусағын бүгіп-ашты (Әбу Дәуіт: Саум, 55, Ибн Мәжә: Сиам, 43).

Бұл хадистен, әуелі, бір жыл бойы ораза тұтқан адамның әрекетін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құп көрмегенін байқадық. Яғни, рұқсат шекарасынан асып, жанымызға зарар тигізетіндей ғибадат қылу әсте діндарлық емес. Нағыз діндарлық ол – дініміздің белгілеп берген шекараларына, өлшемдеріне бойұсыну.

Екіншіден, Рамазан айында толық, ал басқа айларда 3 күн нәпіл оразасын ұстау Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өсиеті екенін білдік.

Үшіншіден, харам айларында қалай ораза ұстау керектігін үйрендік.

Міне, харам айлардан бірі болған Режеп айы келгендіктен көп адамда бұл айда қалай ораза ұстау керек деген сұрақтар туындайды. Кейбір бауырларымыз барынша көп ораза тұтып, сауапқа кенеліп қалғысы келеді. Десек те, шектен де шығып кетпеу керек. Сондықтан да, біз бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көбірек ораза ұстауға сұранып тұрған адамға берген кеңесіне құлақ түрген жөн деп отырмыз. Ол да хадистен үйренгеніміздей, үш күн қататынан ораза ұстап, үш күн қатарынан ауыз ашып өткізуге болатындығы. Осылайша харам айларының жартысын оразамен өткізген боламыз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары