Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үйленуге кедерге нәрселер
30 наурыз, 2017 жыл 363 Басып шығару нұсқасы

Үйлену кедергілері Ислам дінінде үйлену кедергілері өмірлік және уақытша болып екіге бөлінеді. Өмірлік дегені ешқашан өзгермейтін кедергілер. Қан, сүт және үйлену арқылы туыс болу осыған жатады.

Өмірлік үйлену кедергілері Құранда өмірлік үйлену кедергілері туралы былай дейді: «Сендерге аналарың (әке-шешелеріңнің аналары), қыздарың (ұл-қыздарыңның қыздары), қыз туыстарың (әке-шеше бір яки бөлек), әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек және қыз туыстарыңның қыздары (олардың қыздары), сүт емізген аналарың, еміскен қыз туыстарың, қайын енелерің, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрынғы ерінен болған) қолдарыңдағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдері және екі қыз туысқа бірге үйленулерің харам етілді»321. Осы аятта үш топ туыстықтың өмірлік үйлену кедергісі болғандығын айтады.

1. Қан туыстығы Осыған орай бір адам өз тегі (ата-баба, әже,) ұрпағы, қыз бауырлары және олардың балалары, әкесінің қыз бауырлары, яки нағашы әпкелерімен үйлене алмайды.

320 Аталарының қыз бауырлары түп қыз әпкелері мен түп нағашы әпкелері де осы тыйымға жатады. Қыз жағынан қарасақ та сол туыстарының еркек балалары, немере аға, нағашыларымен тұрмыс құра алмайды.

2. Қайын жұрттық (сихри) туыс Үйлену арқылы болған туыстыққа «қайынжұрттық» (сихри) туыстық деп атаймыз. Ажырасу, яки өлім де бұл туыстыққа әсер ете алмайды. Бұларды төрт топқа бөлуге болады. а. Өгей қыздар. Бір еркек әйелімен төсек қатынаста болған соң оның бұрынғы күйеуінен болған қызы, яки немерелерімен үйлене алмайды. ә. Қайын ене. Бұл жерде еркектің әйелімен төсек қатынаста болуы шарт емес. Жалаң некенің өзімен-ақ қайын ене мен оны анасымен үйлену кедергісі туады. б. Әке мен атаның жарлары. Бір адам әкесі, яки аталарының әйелдерімен үйлене алмайды. Құранда:َانَ كُهَّنِ إَفَلَ سْدَا قَ مَّ لِ إِاءَسِّ النَنِ مْمُكُاؤَ آبَحَكَا نَوا مُحِكْنَ تَ لَو يلِبَ سَاءَسَا وًتْقَمَ وًةَشِاحَف «Әйелдерден әкелерің үйленгендерге үйленбеңдер. Бірақ өткен өтті. Бұл бір арсыздық және жиіркенішті жаман жол», – дейді322. в. Ұрпағының әйелдері. Бір адам баласының яки немересінің әйелімен үйлене алмайды. Құранда: «Бел балаларыңның әйелдерімен үйлену харам етілді»,323 – дейді.

322 Алайда асыранды баланың жағдайы басқа. Оның туыстарымен ешқандай үйлену кедергісі болмайды. Хазіреті Пайғамбар (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Зәйітті бала етіп алған болатын. Кейіннен осы Зәйітті Зейнеп бинти Жаһшпен үйлендіреді. Кейіннен Зәйіт Зейнеппен ажырасқанда Зейнеп Пайғамбарымыздың келіні саналған соң онымен арасында үйлену кедергісі болған еді. Алайда Құран: «Сонда одан Зейіт ажырасқан кезде оны саған некелендірдік. Мұсылмандарға асыранды баласынан ажырасқан әйелдерді алуда бір қиындық болмауы үшін»,324 – дейді. Мінекей осы аятта асыранды бала туған баласының орнын баса алмайтындығын көрсетеді. 3. Сүт туыстығы Ислам діні сүт жолы арқылы бірнеше үйлену кедергісі туатын негіздерді қойған. Аллаһ Құранда: «Сендерге емізген сүт аналарың және сүт бауырларың харам етілді»,325 – дейді. Аят басқа сүт туыстары туралы айтпаған. Бірақ хазіреті Пайғамбар (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Ата-тегі жағынан харам болғандар сүт жолымен де харам болады»326 – деп білдіреді. Сүт туыстықтарды былайша айтуға болады. Сүт емген бала сүт емізген әйелдің өз баласындай қабыл етсек, әйелдің өз баласы өз отбасынан кімге үйленбейтін болса, сүт емген бала да солармен үйлене алмайды. Яғни бейне бір сүт емген бала сол әйелдің туған баласындай болады. Сондықтан сүт емген балаға әлгі әйел сүт ана болса әйелдің отбасындағылар сүт әке, сүт ата, сүт әже, сүт бауыр, сүт немере әпке, сүт нағашы әпке болмақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары