Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әйелдің жақындары кімдер болу керек?
30 наурыз, 2017 жыл 680 Басып шығару нұсқасы

1.  Ері: Әйел ерінің жанында қалағанынша киіне алады. Ерлі-зайыптылар арасында бүркену мәселесі жоқ. Әйел күйеуінің жанында әсем көріну үшін сәнденуі және ашылуы мүбаһ саналады. (Алайда бөтен ерлердің алдында сәнденіп, оларды өзіне тарту – харам).

2. Әкесі.

3. Қайын атасы. Үлкен қайын аталары да осыған жатады.

4. Өз балалары. Ер немере, шөберелері, т.б осыған жатады.

5. Ерінің балалары. Ерінің немере, шөберелері де осыған жатады.

6. Ер бауыры.

7. Ер бауырының балалары. Ер бауырының немерелері де осыған жатады.

8. Қыз бауырының балалары. Бұлардың немерелері де осыған жатады.

9. Мұсылман әйел, бірақ діні бөлек әйелдер бұдан тыс.

10. Құл мен күң. Бір әйел күңі мен құлының жанында орамалсыз қалуына болады. Аллаһ елшісі (аләйһиссаләту уәс-сәләм) хазіреті Айшаға бір құл берген болатын. Осы кезде хазіреті Айшаның үстінде басын жапса, аяқтары, аяқтарын жапса, басы ашық қалатын бір киімі бар еді. Аллаһ елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм) осыны байқап: «Сен үшін ешқандай тосқауыл жоқ. Өйткені бұл құл сенің әкең мен балаң сияқты»,207 – дейді.

11. Кәрі яки науқас секілді құмарлық сезімі жоқтар.

12. Әйелдің әурет жерлеріне қарағанда ешнәрсе ұқпайтын жас балалар. Бірақ бала балиғат жасына жете бастағанда бөтен әйелдің жанында қалуына болмайды. Аллаһ елшісі (аләйһис-саләту уәссәләм): «Әйелдердің қасына кіруден сақтаныңдар», – дейді. Сонда бір сахаба: «Пайғамбарым! Ерінің ер бауыры туралы не дейсіз?», – дейді. Аллаһ елшісі: «Қайнысы – өлім» деп жауап береді. Бұлармен қатар ата, немере аға, нағашы, үлкен немере аға, үлкен нағашы аға, сүт бауыры, сүт әке сияқты жақындарының жанында орамалсыз жүруіне болады. Сонда да орамалмен жүргені абзал.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары