Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҮЙІҢЕ БАЙЛЫҚ АЛЫП КЕЛГЕН ПЕРІШТЕЛЕРДІ ҚАЙТАРЫП ЖІБЕРМЕ!
28 наурыз, 2017 жыл 15185 Басып шығару нұсқасы

ҮЙІҢЕ БАЙЛЫҚ АЛЫП КЕЛГЕН ПЕРІШТЕЛЕРДІ ҚАЙТАРЫП ЖІБЕРМЕ!

Қасиетті Құранда: «Күдіксіз таң намазына періштелер қатысады!» - деген аят бар. («Исра» сүресі, 78-аят)
Расында, адамға әр күні түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен екінті намазында жиналып көкке көтеріледі де Алла олардан: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» - деп сұрайды. Періштелер: «Біз оларды намаз оқып тұрғандарында тастап келдік, сондай-ақ, біз оларға барғанымызда да олар намаз оқып жатыр еді», - дейді (Бұхари, Муслим). Бұл дегеніміз - кімде-кім таң атқанда ояу болса, күнделікті ризық-несібесін молынан жинап алады деген сөз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Таң намазын оқығаннан кейін несібелеріңді табудан қапыда қалып, ұйықтап қалмаңдар», - деген (Табарани). Таңғы нәсібін Тәңірден күтетін қазақтың:
Жайылымы болмаса мал азады,
Қайырымы болмаса жан азады.
Ісі өрге басатын азаматты
Қызықтырып тұрады таң азаны, - дейтіні сондықтан.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары