Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үйде баланы мына заттардан сақтаңыз
28 наурыз, 2017 жыл 549 Басып шығару нұсқасы

Пердеден қандай зиян келуі мүмкін? Қасықтың кесірінен жан ауыртарлық жағдай орын алуы мүмкін бе? Мүмкін емес секілді. Бірақ сәбидің іс-әрекеттері тосын сыйларға толы. Күтпеген сөзіңді айтып, ойламаған сұрақтар қоюы мүмкін. Миыңызға кіріп-шықпаған дүниелерге ұрынып, бір жерін ауыртып алуы мүмкін. Ол қандай қауіптер, осыған байланысты бұрынғы бала күтушісі қарапайым, зияны тиюі мүмкін заттардың тізімін ұсынған екен, назар аударайық.

1.Электр сымдары, розеткалар

Олар бала үшін өте қызықты. «Құпия» тесіктеріне үңіліп, ішінде не бар екенін көруге, ішіне бірнәрсе салуға тырысады. Сондықтан розетканы жоғары орналастыру не арнайы қақпақпен жауып қою керек.

2.Тұрмыстық химия

Ас үйге, жуынатын бөлмеге, дәретханаға арналған химиялық қоспалардың түр-түрі бар. Оның барлығы, әрине, төменгі шкафтарда сақталады. Ол есікті бала ашпайды дегенге сенімді болудың қажеті жоқ. Өйткені сыртындағы түрлі-түсті суреттер қызықтырмай қоймайды. Әсіресе кір жууға, ыдыс жууға арналған ұнтақтарды, қоспаларды алысырақ ұстауға тырысыңыз. Болмаса, шкафты құлыптап қойыңыз.

3.Таяқшалар

Иә, кәдімгі таяқшалар. Және тек бақшада ғана кездесетін таяқша емес. Қарындаш, қалам, шырын ішуге арналған таяқша т.б. Бұлар өте қауіпті. Бірде бір бала ойнап жүріп, таяқты аузына салып жүгіреді. Оны анасы қуып жетемін дегенше құлап, таңдайын жырып алады. Абырой болғанда ақырын жүгіріп бара жатқан. Егер қатты екпінмен жүгірген болса, одан да үлкен жарақат алар еді.

4.Таспа

Көпшілігіміз сыйлық орағанда қажет болып қалар деп немесе шаш бууға арналған таспаларды сақтайтынымыз бар. Бірақ ол ойыншық емес, сондықтан оны баланың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Таспа тез шатасады, сондықтан мойнына оратылып қалуы әбден мүмкін.

5.Қылтима (балкон)

Қадағалаусыз баланы онда шығармаңыз. Балконның есігі әйнектен жасалған болса, баланың бойынан асатындай етіп, жапсырма қағаз жапсырып тастаңыз. Ол арғы жағындағы нәрселерге қызығып, шығып кетпес үшін бұл маңызды.

6.Шаш түйреуіш, шеге, ине

Ең қауіпті әрі онша байқалмайтын дүниелер. Сондықтан оларды арнайы қорапшаларда, орындарында сақтаңыз.

7.Тікенекті гүл

Раушан, кактус секілді… Үйіңізде бұл гүлдер болса, жоғарырақ қойыңыз. Ал бақшада өсіп тұрған болса, балаларды ол жерде ойнатпаңыз.

8.Косметика

Әтір, тырнаққа арналған лак, оны кетіретін сұйықтық, көзге арналған сүрме, крем тағы сол секілді оңай ашылатын бұйымдар. Балаңыз оның сыртына қызығып, ашып, дәмін көруі мүмкін.

9.Дәрі-дәрмек

Кейбір түрлері кәмпитке ұқсайды. Байқаусызда балаңыз қатты әсер ететін дәрі  ішіп қоюы мүмкін.

10.Ас үй жабдықтары

Пышақтың зиянын бәріміз білеміз. Бірақ одан өзге картоп тазалайтын, үккіш, блендер т.б. жеткілікті. Бұлардан да күтпеген қауіптер келуі ғажап емес.

11.Зергерлік бұйымдар

Егер балаңыз сіздің бағалы әшекейіңізді жұтып қойғанын, сындырып тастағанын, жоғалтып жібергенін қаламасаңыз, оны тасада ұстаңыз. Сіздің қымбат сырғаңыз бен жүзігіңіз ол үшін жай жылтырақ ойыншық қана.

12.Ауа тазартқыш

Олардың өрт тудыру қаупі жоғары. Оның үстіне ойнаймын деп бетіне, көзіне шашып алса, химиялық қоспаның айтарлықтай зияны бар.

ikerim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары