Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зинақорларды осылай жазалайды екен
24 наурыз, 2017 жыл 2438 Басып шығару нұсқасы

Бірде Пайғамбарымыз (ﷺ) түс көреді. Түсінде оған Жәбірейiл мен Микайл періштелер келеді. Пайғам ба рымыз (ﷺ): «Біз жолға шық тық. Тандырға ұқсас бір ыдыстың қасына келдік. Одан жантүршігерлік дауыс естілді. Қарасақ, оның ішінде жалаңаш еркек пен әйелдер бар екен. Әлгі ыдыстың астынан от жанып, от алауы олар ға тиген сайын айқайлап шыңғырып жатты… Тандырға ұқсаған ыдыс ішіндегілер зинақор әйел мен еркектер болатын»- дейді. (Имам Бұхари).


Сондай-ақ басқа бір риуаятта тозақта «қайғы құдығы» деген жылан мен шаяндар мекендейтін ойпат бар. Шаянның үлкендігі қашырдай (есектен үлкен, аттан аласа жануар) болады. Оның уға толы жетпіс инесі болады. Ол зинақорды шағып, оның азабы мың жылға жетеді. Сосын зинақордың денесі ыдырап, жыныс мүшесінен қан мен ірің ағады. Егер зина жасаушы отбасылы адам болса, оларға қабірде бүкіл үмметке берілетін азаптың жартысы беріледі де лінген.

«Тозақтың жеті қақпасы бар» деген Хижр сүресінің 44-аятының тәпсірін Ато есімді ғалым былайша тарқатады: «Тозақ қақпаларының ең қорқынышты әрі қайғылысы және ыстығы мен сасығы – біле тұра зина жасағандар кіретін қақпасы». Иә, Алланың сүйіспеншілігіне бөленген құлдарына жәннат қақпалары айқара ашылса, өкінішке қарай, жиіркенішті қылықтарды жасауда алдына жан салмағандар үшін Жаратқанның жазасы осы болмақ.

Имам Заһабидің "Үлкен күнәлар" кітабынан

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары