Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ең керемет әке
13 қараша, 2018 жыл 434 Басып шығару нұсқасы

Баяғыда бiр мұсылман отбасында күйеуi алыс сапарға аттанып, әйелi үйде қалады. Бiр күнi оның төркiнiнен:
- Тез келiп жет, әкең ауырып қалды, - деген хабар жетедi. Келiншек:
-Мен ерiмнiң рұқсатынсыз бара алмаймын, Алланың қаһарына ұшырап, перiштелердiң қарғысына қалғым келмейдi, - деп хабаршыны қайтарып жiбередi. Арада аз уақыт өткен соң:
- Әкең хал үстiнде, сенi көргiсi келiп жатыр, - деп жанұшыра жеткен хабаршыға тағы бара алмайтынын айтады.
Әкесi қайтыс болғаны туралы суық сөз де көп күттiрмейдi. Қатты қайғырған келiншек өкiнiштен өзегi өртенiп ерiнiң сапардан оралуын күтедi.
Бiрақ бармайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) қыздың әкесi ана дүниеде жәннатқа лайықтылардың қатарынан орын алғанын айтады. «Қалайша?» - деп таң қалады сахабалар.
- Алла Тағала әйелге ерiне бойсұнуды әмiр еткен. Ерiн күтiп, Алланың әмiрiн орындап, иманын қорғаған осындай қыз өсiрiп, тәрбиелегенi үшiн әкесi Алланың рахметiне бөлендi,  - дейдi Пайғамбар (с.ғ.с).

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары