Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үй салудағы ескерілуі тиіс жайттар
24 наурыз, 2017 жыл 2146 Басып шығару нұсқасы

Қазіргі таңда үй салу әрбір адам баласының құлшынысы екендігі ақиқат. Қазақ халқы ежелден үйдің есігін шығысқа қаратып салатын болған. Сондағы ойлағаны үйдің төрі батыс жақ қабырғаға келген. Қонақ келгенде төрге шығарып, жоғарыдан орын сыйлаған. Ал, намаз оқитын болса, есіктен кіріп шығатын бала-шаға кедергі болмайтынын есепке алған. Кіретін әрбір есікті ыңғайын келтіріп сол қолмен ашып, оң аяқпен кіретіндей орналастыру қажет. Әрбір жұбайлар үй болудың маңыздылығын қажет ететіндіктен отбасы шағын мемелекет екендігін есте ұстау керек. Оның береке мен бірлігін арттырумен қатар материялдық қырынан да белгілі бір заңдылықтарды сақтағанымыз жөн. Үйден шығарда Аллаға тәуекел етіп, оның құдіреттілігіне сиынып «Тауаккалту алаллоһи уала хаула уала қуата иллә билләһ» деген сөзді айтып шыққан абзал. Осындай жағдайлар жан-жақты қарастырылып, әжетхана әдебін де назардан тыс қалдырмау керек. Ислам діні кәміл дін болғандықтан, адам баласына керекті болған діндегі және дүниесіндегі әрбір нәрсеге мән беріп тоқтаған. Әжетхана әдебіне тоқтайтын болсақ шариғат үкімі бойынша түзге қарап отырарда, кіретін және шығатын уақытта не айту керектігін де қаперімізге алған жөн. Егер мұсылман баласы әжетханаға кіруді қаласа төмендегі жайттарды білу керек:

«Бисмилләһи, ағузу билләһи минал хубси уал хобаис» деген сөзді айту;

Сол аяқпен бастап кіреді;

Шығарда оң аяғымен шығады

Түзге отырғанда қыблаға (батысқа) алдымен немесе артымен қарап отыру харам ;

Қажетін өтеп болған соң нәжісті сол қолмен құрғату және зәрдің киімге тимеуін қадағалау. Хадисте қабір азабына душар ететін жайттың бірі нәжістен сақтанбау екендігі ескертілген.

Ас ішкенде оң қол, дәрет барысында сол қол пайдаланылады;

Әжетханаға Құран сүрелері жазылған немесе соған ұқсас аяттар басылған, Алла деген жазуы бар тасбих, жүзік, алқамен кірмеген дұрыс.

Әжетханада сөйлеуге де болмайды және әжетханадан шығып қолын жумай сөйлемейді;

Әрбір мұсылман қарапайым әдептер мен қағидаларды қаперімізге ұстап, оны өз орнымен күнделікті тұрмыста қолданып жүрсек тазалық пен тектілік, имандылық пен ибалық қоғамда өріс табады.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Ермахан Оралбай қажы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары