Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Балаңа есім қоярда осыған мән бер
24 наурыз, 2017 жыл 889 Басып шығару нұсқасы

   Қазіргі таңда ел арасында Алла Тағаланың сипаттарымен аталған адамдардың есімі жиі кездеседі. Мысалы: Сәмет, Кәрім, Саттар, Ғани, Мұхит т.б. Осы адамдарға сөйлегенде Әбдісамат немесе Әбдікәрім деп тіл қатсаңыз көңіліне алып реніш білдіреді. Негізінде Құран Кәрімде Алла Тағаланың 99 сипаты аталып көрсетілген. Шариғат кітаптарында 150-ге тарта есім сипаттар келтіріледі. Осы есім сипаттардың барлығы да Аллаға жарасқан есім сипаттар. Бұл есім сипаттар адам баласына қойылса «Адбі» деген сөзді қосып атаған дұрыс болады. Мысалы, Әдбікәрім деген секілді. Өйткені «Кәрім» сөзі жомарт деген мағынаны білдіреді. Яғни, Әбдікәрім дегенде «жомарт болған Алланың құлы» деген мағына шығады. Алланың сүйікті құлы, әрі елшісі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінің бірінде есімдердің ішінде ең жақсысы пенделік (құлдық) мағынаны білдіретін Аллаға сана, мадақтау мағыналарды білдіретіндері деген. Кейде баланың туу туралы куәлігінде кітапқа сай есімдердің қойылғанын байқаймыз. Бірақ қолданыста оларды қысқартып Рахман, Кәрім, Рахым деп атап жатамыз. Бұл үлкен қателік. Себебі, Алланың сипаттары тек Аллаға ғана жарасқан. «Тасһилул баян» атты кітаптың 100-ші бетінде осы мәселеге тоқтаған. Сонымен қатар, есімге қатысты тағы бір ескеретін жайт бар. Алла Тағала адамзатты ұлт-ұлыс етіп жаратқан соң әр елдің өзіндік салты мен дәстүрі, тілі мен менталитеті болады. Осыған орай айтатын болсақ, өзіміз мағынасын түсінбейтін өзге елдердің шетелдік әншілері мен танымал адамдарының есіміне еліктеп ат қоятындар бар. Әрбір ата-ана баласына ат қоярда оған «атүсті» қарамай, мұсылмандық және ұлттық құндылықтарымызға сай келетін келетін есімдерімізді есте ұстап, қастерлей білсек екен. Адамның есімі де тағдырына әсер ететіндігін ұмытпайық!

Қарағанды қалалық №1 мешітінің наиб имамы Ермахан Оралбай

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары