Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЕҢ КЕРЕМЕТ ТАМАҚТАНУ РЕЖИМІ
28 қыркүйек, 2020 жыл 1401 Басып шығару нұсқасы

Алла елшісі үшін ас-ауқаттағы ең маңызды дүние оның халал болуы мен ағзаға пайдалылығы. Алла елшісінің ешқашан тамақ таңдамаған және  одан кемшілік іздемеген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) негізінен қара бидай нанын жейтін. Бидай нанын аз тұтынуының себебі сол кездері Хиджазда бидай ұнының қымбат болуымен түсіндіріледі. Ал Пайғамбарымыз артықшылықты ұнатпағаны белгілі. Оған қоса қара бидай наны құнарлы, тойымды келеді.

Алла елшісі ешқашан тамақтану кезінде тәбетті арттыратын дәмтатымдарды, тұздалған тамақтар мен дәмдеуіштерді қолданбаған. Және ешқашан қажеттіден артық жемеген.

Тарихи дерек көздерінде Алла елшісінің күніне екі реттен артық тамақтанбағаны туралы айтылады. Біріншісінде ол тек жеңіл тамақ – құрма жесе, екіншіде  кешкісін немесе кешкі намаздан кейін ауқаттанған.

Алла елшісі де, сахабалары да өздері ішетін әр тамақтың не жақсы, не жаман іске себеп болатынын жақсы білген. Сондықтан әркез аузына алған әр астың жақсы істер жасауға себеп болуын, берекелі болуы сұрайтын.

Хадисте: «Қарынның үштен бір бөлігін тамаққа, екінші бөлігін суға және үшінші бөлігін бос қалдыр»-делінеді. Міне осы қағиданы Алла елшісі қатаң ұстаған. Және үстелден жеңіл тамақтанып тұратын. Руаяттарда Алла елшісінің қой етін, қой етінен жасалған котлетті, тауық етін, етті сорпаны, зәйтүн майын, ірімшік, сүт, қауын, қарбыз, халуа, бал, құрма, қызылша, қияр мен жүзімді жақсы көргені айтылады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары