Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамдар топталып жиналатын жерден аулық болыңыз
20 наурыз, 2017 жыл 450 Басып шығару нұсқасы

"Шайтан мен өтірік сендерді саудада күтеді, сондықтан садақаларыңды арттырыңдар" – дейді Алла елшісі өзінің бір хадисінде. Шынында, исламның көптеген ғұламалары базарлардың, бұқаралық сауда мен адамдар көптеп жиналатын жерлердің алдау, арандату мен күнә арқалау ортасы екені жөнінде ортақ тоқтамға келген.

Бірақ бүгінгінің шындығы солай, адамдар көпшілік жүретін жерлерге үйірсек. Адамдар көп жиналатын жерлерде қыдыруға, ойын-сауық, сауда орталықтарына жиі баруға әуес. Барлығы содан басталады. Адамның көзі зинадан, ой-ниеті күнәдан бірде аман болса, бірде аман қалмайды.

Осынау арбайтын дүниенің бәрінен адамды қорғайтын құлшылық қана. Әр адам осы арбаулардың бәрінен өзін қорғауын Алладан сұрауы керек. Үйден шыққанда, кіргенде, біреуге әлде бір зат бергенде не сатып алғанда Алланың атын атаған жөн. Алланы естен шығармау қажет. Алла елшісі үйінен шығарында: «Мен Алланың атын атап және Оған тәуекел етіп үйден шығамын. Түрлі қиындықтар мен сәтсіздіктерден қорғау да, жақсылықпен жарылқау да – бәрі Алланың қолында» - дейтін болған.

Оның үстіне Алла елшісі ер адамның көшеде нәпсісі бой көтерсе, дереу үйіне қайтып әйелімен жақындасуға бұйырған. Себебі көшеде арбаған жайт зинаға апарып соқтыруы мүмкін. Ерлер ғана емес, әйелдер де сол сияқты. Себебі әйел заты – көшеге шықса көздің құрты болмақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әйелдерге: «Мен сендерге үйлеріңде болуға кеңес берер едім, себебі сендердің жиһадтарың – сендердің үйлерің»-деген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары