Тілдік нұсқа
Радио

мақала

НӘРЕСТЕНІҢ ТАҢДАЙЫНА НЕ ТИГІЗУ КЕРЕК?
20 наурыз, 2017 жыл 1631 Басып шығару нұсқасы

Сүннет бойынша жаңа туған нәрестеге «тахник» жасау керек дейді. Ол не нәрсе және қалай жасалады?

Жауап:

Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Менің ұлым туылып, Пайғамбарға (с.ғ.с.) алып бардым. Пайғамбар (с.ғ.с.) балама Ибраһим деп ат қойып, таңдайын (тахник жасады) құрмамен сүртті де дұға жасап, маған қайтып берді1».
Тахник – нәрестенің таңдайына жақсылап шайналған немесе езілген құрманы сүрту. Тахник – мұстахаб амал. Құрма болмаса басқа от тимеген тәттілік қолдануға болады. Бірақ араның балы абзал. Имам Науауи: «Сүннет бойынша туылған нәрестенің таңдайына жақсы шайналған құрманы сүрту. Баланың аузын ашып шамалы құрма ішіне кеткені дұрыс2».
Қысқаша айтқанда, тахник – нәрестенің таңдайына құрма тигізу. Бұл Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған сауапты амал.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары