Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам білім үйрену үшін үш түрлі жануарға ұқсауы керек.
13 тамыз, 2019 жыл 1008 Басып шығару нұсқасы

Бір ғұлама Самарқаннан  он жылдай білім алып екі түйе кітап арқалап келе жатыр екен. Жолда бір адам кездесіп қалып: «Не әкеле жатырсыз?» деп сұрайды. Ғұлама: «Бұқарадан білім алып келе жатырмын» деп жауап беріпті. Сонда әлгі кісі: «Онда қазір мына түйелерің қашып кетсе, білімің де қашып кетеді екен ғой»,-деген екен.

Адам білім үйрену үшін үш түрлі жануарға ұқсауы керек. Ең алдымен – мысық секілді кішіпейіл болу, ұстазы қанша қаталдық танытса да ешқашан білімге деген құштарлығын тоқтатпау. Екінші сипаты – ол есектегі сабырлылық. Сіз қанша жүк артсаңызда еш қарсылықсыз кете береді. Адам білім іздеуде сабырлылық танытпаса, білім өз нәтижесін бермейді. Үшінші сипаты – әтеш секілді ерте тұру. «Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады, кеш тұрсаң, алдыңнан түн шығады» дегендей, қараңғылыққа емес, жарыққа ұмтылайық. Көкірегімізді надандыққа емес, тазалыққа толтырайық.

 

mazhab.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары