Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Аптаныі әр күнінде бір сыр бар
18 наурыз, 2017 жыл 769 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздан сенбі туралы сұрағанда ол: «Сенбі – алдау, залымдық күні»-деген екен. Сенбі күні құрайыштар Пайғамбарымызға қарсы қақпан құрып жиналыс ашқан.

Сенбі, жексенбі және сейсенбіде киім пішпеген абзал.

Пайғамбарымыздан жексенбі туралы сұрағанда ол: «Жексенбі – ағаш егіп, үй тұрғызатын күн»-депті. Жексенбіде Алла Тағала әлемді жаратуды бастаған. Тағы бір нұсқада осы күні Жұмақ тұрғызылып, жұмақ ағаштары егілген делінеді.

Пайғамбарымыздан дүйсенбі туралы сұрағанда ол: «Бұл күн саяхат пен сауда жасайтын күн»-деп жауап беріпті. Дүйсенбіде Шуайб жолға шығып саудадан пайда табады.

Пайғамбарымыздан сейсенбі туралы сұрағанда: «Бұл күн қан төгу күні»-депті. Сейсенбіде Адамның ұлы Қабыл өзінің бауырын өлтіреді, Джарджис пайғамбар, Закариййа пайғамбар мен оның ұлы  Йахйа пайғамбар өлтірілген.

Сейсенбіде Алла Ібілісті жұмақтан қуып, жерге түсірген. Осы күні Тозақты жаратқан. Сейсенбіде Әзірейіл періштеге Адам ұрпағының жанын алу міндетін жүктейді.

Пайғамбарымыздан сәрсенбі туралы сұрағанда ол: «Бұл бақытсыздық орын алатын күн»-деген екен. Бұлай айтуына осы күні Перғауынның өз адамдарымен теңізге батып кетуі, Ад және Самуд халқы мен Салиха пайғамбардың халқының жойылуы себеп болған.

Шынында мұсылман қай күні күнә, жамандық жасаса мұсылман үшін сол күні бақытсыздық күні болып табылады. Ал мұсылман жақсы болған күн – жақсы күн. Сәрсенбіде тырнақ алуға болмайды. Себебі бұдан алапес ауруы пайда болуы мүмкін делінеді. Бірқатар әлімдер сәрсенбіде сырқат жандардың көңілін сұрай барған жөн деседі. Сондай-ақ осы күні түстен кейін оқылған намаздың қабыл болатыны айтылған. Сәрсенбіде Пайғамбарымыздың  аталған уақытта өзімен соғысуға дайындалған тайпаға қарсы оқыған дұғасы қабыл болған екен. Және сәрсенбіде басталған істің сәтті аяқталатыны да айтылады. Қазақтың үлкен істерді «сәрсенбінің сәттісінде» бастап жататыны осыдан болса керек.

Пайғамбарымыздан бейсенбі туралы сұрағанда ол: «Бейсенбі – қалауың орындалатын, билеушілер мен шенділерге баруға жақсы күн»-деп жауап беріпті. Бейсенбіде Ибраһим пайғамбар Египет патшасына барып, қалағанын алған болатын. Осы күні патша оған Хаджарды сыйлаған еді. Кейін Хаджар Исмайыл пайғамбардың анасы атанды.

Пайғамбарымыздан жұма туралы сұрағанда ол: «Жұма – неке қиятын күн»-деген екен. Осы күні Адам ата мен Хауа ана, Юсуф пайғамбар мен Зылиха, Мұса пайғамбар мен Шуайб пайғамбардың қызы, Сүлеймен пайғамбар мен Билкис неке қиған болатын.   Пайғамбарымыздың өзі де Хадиша және Айша анамызбен осы күні некесін қиған. Некені жұма күні қиған жақсы, ал тойды кез-келген күні жасауға болады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары