Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ешкімге бұл сырыңды жариялама
18 наурыз, 2017 жыл 2818 Басып шығару нұсқасы

Күнә жасап, соңынан оны елге айтатын адам муджахар аталады. Пайғамбарымыз: «Менің қоғамымның өз күнәларын барлығына жария ететіндерден басқа барлық мүшесі азат болады. Мұндай адамдар (муджахар) түнде күнә жасайды, бірақ Алла оның күнәсін жауып қалады, ал ол таңертең: «Мен мынадай күнә жасадым»-дейді. Ол түнді Алланың қорғауында өткізеді, ал таңертең Алланың қорғанын бұзғанмен бірдей»-деген.

Көбінесе күнә жасап қойған адамдар онысын елге айтып жеңілдеп қаламын деп ойлайды. Мұндай ой адасуға әкеледі. Себебі адам жақсылық істесе де, жамандық істесе де Алла екеуінің арасында қалады және тек Аллаға өз істері үшін есеп береді. Ал күнәлі, қате ісін жариялау арқылы өзгелердің «білгіштігін, болжағыштығын» арттырады және өзін басы артық өсек сөзге қалдырады. Ал, болжағыштық, білгіштік, өзгені сөгу одан да зор күнәларға жеткізеді.

Егер адам жасаған күнәсінің басқаларға зияны жоқ болса оны жария етуге тиіс емес. Алла құлының күнәсін жасырады, оны солай басқаның алдында ұятқа қалудан сақтайды, тәубесіне келуге мүмкіндік береді. Жасап қойған күнәңді өзгелерге айтқаннан еш пайда жоқ. Себебі бір Алла ғана адамның жасаған әр ісі үшін жазасы мен сауабын береді. Сондықтан оны әркімге бір айтып абыройыңызды түсірудің орнына, шынайы тәубе етіп, Алладан кешірім тілеген әлдеқайда сауапты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары