Миқдад ибн Әусәд (р.а.) былай дейді:
Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларынан:
– Зина жайлы ойларыңыз не? – деп сұрады. Сонда сахабалары:
– Зинаны Аллаһ және Оның Елшісі (с.а.у.) харам қылды, қияметке дейін харам, – деді. Сол кезде Аллаһ Елшісі:
– Бір адамның көршісінің әйелімен зина жасауы он әйелмен зина жасағынан да ауыр күнә, – деді. Содан кейін сахабаларына тағы да сұрақ қойып:
– Ұрлық жайында ойларыңыз не? – деп сұрады. Сахабалар бұған да:
– Ұрлықты Аллаһ және Оның Елшісі (с.а.у.) харам қылды. Ол әлбетте харам, – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Бір адамның көршісінің үйін тонауы он үйді тонағанынан да ауыр күнә, – деді (Ахмед бин Ханбал, «Мүснәд»).
Пікірлер