Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шұлыққа қатысты мынаны біліңіз
16 наурыз, 2017 жыл 1373 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі таңда кейбір жастар дәреттің төрт парызының бірі саналатын «аяқты жууға» жеңіл қарап, жаз болсын, қыс болсын жұқа шұлыққа мәсіх тарта салуды әдетке айналдырып, тіпті өзгелерді де осыған уағыздап жүр. Дәлел ретінде Муғира ибн Шуъбадан риуаят етілген:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дәрет алды және екі шұлығына және аяқ киіміне (наъл – аяқ киімнің тәбішке секілді тобықтан төмен келетін жеңіл түрі) мәсіх тартты» деген хадисті келтіреді. Алайда бұл хадис көптеген хадис ғалымдары бойынша «сахих» емес. Әбу Дәуід, ән-Нәсаий секілді хадис ғалымдары бұл хадисті «әлсіз» деген. Әт-Тирмизидің хадис жинағына «Тухфатул-ахуази» атты кең түсіндірме жазған Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдур-Рахим да жоғарыдағы хадисті және пайғамбарымыз (с.ғ.с) шұлыққа мәсіх тартты деген басқа үш хадистің де түгелдей «әлсіз екенін» білдірген. Негізінде Муғира ибн Шуъбадан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шұлыққа емес, мәсіге мәсіх тартқандығы дұрыс жолмен риуаят етілген. Имам ән-Нәуауий жоғарыдағы хадис жайлы былай дейді: «Бұл хадис – әлсіз. Көптеген Хафыз ғалымдар әлсіз деген. Әл-Байһақи бұл хадисті «мүнкәр» дей отырып Суфиян әс-Сәури, Абдур-Рахман ибн Мәһди және Ахмад ибн Ханбал, Али ибн әл-Мәдини, Иахия ибн Мағин, Муслим ибн Хажжаж секілді мәшһүр хадис ғалымдарының да «әлсіз» деп бағалағанын жеткізді. 2

Әт-Тирмизи бұл хадисті «хасан-сахих» деп бағалағанымен жоғарыда аты аталған хадис ғалымдарының деңгейі одан жоғары деп есептеледі. Тіпті ілім иелерінің келісілген пікірі бойынша бұл ғалымдардың қай-қайсысы да әт-Тирмизиден (хадис ілімінде) жоғары.

Екіншіден, хадисті «сахих» деп қабылдағанның өзінде басқа қайшы дәлелдермен үйлестіріп дұрыс түсіну үшін онда айтылған «шұлықты» (аяқ киімсіз) жүруге жарайтын шұлық деп жорамалдау қажет.  Себебі хадисте жалпылай шұлықтың барлық түрін білдіретін сөз жоқ.

Үшіншіден, әл-Байһақи (кітабында) ұстаз Әбул-Уәлид ән-Нәйсабуридің былай дегенін жеткізген: Бұл хадистегі шұлық –жеке шұлық және жеке аяқ киім емес, асты терімен қапталған шұлық. Яғни хадисті: «Пайғамбарымыз екі шұлығына және аяқ киіміне мәсіх тартты» деп түсіну қажет. Әл-Байһақи Әнас ибн Мәликтің де хадиске байланысты осы мағынаны меңзейтін сөзін жеткізді 3».

Сахихул-Бухари, 2 – том,707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы,Бәйрут,1987ж.Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 493-бет, Мәктабату Дарил-Баз,Мекке, 1994ж.

Мәғрифатус-сунан уәл-әәсаар лил-Бәйһақи, 1-том, 349-бет. «Дәрул-кутубил-илмия» баспасы, Бәйрут.

Жалпылай барлық шұлықты білдіретін сөз жоқ деуі – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Шұлыққа мәсіх тартыңдар» деген әлсіз де болса, ешбір хадисі жоқ. Бар болғаны Муғира ибн Шуъбаның «пайғамбарымыз шұлығына және тәбішкесіне мәсіх тартты деген» оқиғаны баяндау сөзі ғана.

Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 1-том, 566-бет. «Дәрул-фикр», Бәйрут,1997 ж.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары