Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚАБІРДЕГІ ЖӘРДЕМ
15 наурыз, 2017 жыл 982 Басып шығару нұсқасы

Жақсы амал мен жаман амал бір жаратылыс болып қабірде және қиямет күнінде жәрдем немесе азап береді. Бірақ амал бір істелінеген әрекет Ұлы Алланың құдіретімен иесіне жәрдем беріп немесе азап бергізуге күші жеткілікті.

Хазреті Науас б.Сәман (р.а) Рассулалаһтың (с.ғ.с) бір хадис шәрифін былай риуаят етті:

* «Құран-и Кәрімді оқитындар және оның әмірлерімен іс-әрекет жасайтындарға қиямет күні жүріп бара жатқанда Құран-и Кәрім олармен бірге болады. Бақара сүресі және Әли Ғымран сүресі олардың алдына түсіп оқыған кісілерді қорғайды».

Хазреті б.Мүбәрак (р.а) хазреті Зайб б. Әсламның (р.а.) риуаятында Расулаллаһ (с.ғ.с) былай бұйырды:

* «Қиямет күнінде мүминнің амалы өте әдемі бір түрде болып түрінің әдемілігі, иісінің әдемілігі жас бір жігіт сияқты болып иесінің жанына отырады». Қауіпті жағдайлардан оны аман сау алып қалады, қорыққан кезде бір дос ретінде оны жұбатады. Мұны көрген мүмин сұрайды:

* Айтшы, маған сен қандай бір жақсы доссың, Алла саған рахмет етсін. Амал былай дейді:

* Сен мені танымайсың ба? Мен дүниеде және қабірде сенімен бірге едім, мен сенің жақсы амалыңмын. Сенің амалың жақсы еді, сол үшін мен саған жәрдемдесіп жүрдім. Мен дүниеде болған кезде сенің үстіңе міндім, енді сен кел менің арқама мін. Содан соң амал оны үстіне мінгізіп Ұлы Аллаға апарып былай дейді:

* Иә, Аллам, дүниенің пайдасын ойлап жүргендер болды. Бірақ бұл кісі нәпсісіне жеңілмей менімен бірге болды.

Ұлы Аллаһ-у Субһанә уә Тағала былай бұйырады:

–Айт маған, қалағаның не?

Амал былай дейді:

* Иә, Раббым, кешіруіді және рахметіңді тілеймін.

Ұлы Аллаһ-у Субһанә уә Тағала былай бұйырады:

* Мен оны кешірдім.

Содан соң ол кісі ізет және құрметпен киіндіріліп, басына тәж кидіріледі және оның басындағы тәжінің бағалы тастары жарқырап тұрады. Амалы керісінше болған адамның амалы болса өте қорқынышты бір жағдайға кіріп және өте сасық бір иісі болып әлгі адамның қасынан шықпай қояды.

«Уағызшылардың інжу-маржаны»

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары