Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Періштелер туралы не білеміз?
05 желтоқсан, 2014 жыл 422 Басып шығару нұсқасы
1329116432-585197-0035150_www.nevseoboi.com.uaПеріштелер – Алла жаратқан ғажайып құбылыс. Олар бізге, яғни адамдарға мүлде ұқсамайды. Олар ештеңе ішіп, жемейді. Тіпті ешуақыт ұйықтамайды. Алла оларды нұрдан жаратқан. Исламның бірінші Пайғамбары  - Адам топырақтан жаратылғанын білеміз. Ал Періштелер Адамға дейін жаратылған.

Кейде адамдар білместікпен Періштелерді екі қанаты бар адам кейпінде салып жатады. Ол қиялдан туған бейне. Шынында Періштелердің қандай екенін ешкім білмейді. Бірақ бір анығы – оларда 600 қанат болуы мүмкін.

Бірақ кейде Періштелердің адам кейпіне енетіні бар. Мысал үшін, Жебірейіл періште адам кейпінде Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) келген.

Періштелер өте күшті, әдемі әрі мейірімді. Олар Аллаға бойұсынады, және одан еш уақыт жалықпайды. Олар Алланың әр түрлі тапсырмаларын орындайды: Жұмақ пен Тозақты күзетеді, біздің жақсы-жаман істерімізді жазады.

Біз білуге тиісті бірнеше Періште бар:

  • Жебірейіл періште Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) Құранды түсірген.

  • Микаил періште,

  • Исрафил періште.

  • Адамның жақсы жаман істерін жазып отыратын екі періште бар.

  • Мүңкір және Нәкір періштелер – адам қайтыс болғаннан кейін жауап алады.


Періштелер мүмін адамдарды жақсы көреді, оларға көмектеседі және күнәларын кешіруді Алладан сұрайды. Періштелердің бар екеніне сену – мұсылман адам үшін сенім негіздерінің бірі саналады.

Әмина Омарова

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары