Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖЕЛ СОҚТЫРЫП, ҚАР ЖАУҒЫЗАР ПЕРІШТЕНІ БІЛЕСІЗ БЕ?
14 наурыз, 2017 жыл 375 Басып шығару нұсқасы

     Бұл періштенің аты Құранда бір аятта ғана айтылған: «Кім Аллаһқа, періштелеріне, елшілеріне, сондай-ақ, Жәбірейілге (ғ.с.),  Микаилға (ғ.с.), дұшпан болса, әлбетте, Аллаһ кәпірлерге дұшпан» ("Бақара" сүресі, 98-аят).

Бұл періштеге Әһли кітап иелерінің де сенгендігін көруге болады. Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласына көшкен кезде Фәдак яһудилерінен Абдуллаһ ибн Сурия қасына бірнеше кісі ертіп келіп Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Саған қай періште келеді?»- деп сұрайды. Пайғамбарымыз   (с.ғ.с.): «Жәбірейіл (ғ.с.)»,- дегенде: «Егер де уаһиды Микаил (ғ.с.) періште әкелгенде біз иман етер едік»,- деген күйі бұрылып кете барған. Олар Жәбірейілді (ғ.с.), тек жамандық пен шайқас алып келуші деп, ал Микаилды  (ғ.с.) молшылық пен берекет алып келуші періште деп сенетін еді.

Алайда, Жәбірейіл (ғ.с.) де, Микаил (ғ.с.) де - Аллаһтың елшілері. Бұл періштелердің қай-қайсысы да Аллаһтың әмірін мүлтіксіз орындайды. Аллаһ тағала Микаил (ғ.с.) періштеге жаратылыстағы оқиғалардың, жер бетіндегі тіршілік иелерінің рызықтарын қадағалу міндетін жүктеген. Микаил (ғ.с.) періштенің көмекшілері де жоқ емес. Олар да Аллаһтың әмірін орындайды. Микаил (ғ.с.) періште жел мен бұлттарды да қадағалап, оларды қажетті жақтарға бағыттайды. Тіпті, әрбір жаңбырдың тамшысы періштелердің қадағалауымен жауады (Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Ниһая, 1/41). Бұлардың барлығы Микаил (ғ.с.) періштенің қарамағындағы періштелер.

Микаил (ғ.с.) - Құранда аты аталған Аллаһ тағала мен хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) ең жақын төрт періштенің бірі. Тирмизидің риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Менің жер бетінде екі, көк жүзінде екі уәзірім бар. Жерде хазрет Әбу Бәкір мен хазрет Омар, ал көкте Жәбірейіл (ғ.с.) мен Микаил (ғ.с.) періштелер»  (Тирмизи, Мәнақиб, 16),- деген. Табараниде бұл хадис: «Аллаһ мені төрт уәзірмен демеді. Бұлардың екеуі жерде, екеуі көкте» (Табарани, әл-Мужамул Кәбир, 11/179),- деп өтеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары