Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖЫНДАР МЕН СИҚЫРДАН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ БАР
13 наурыз, 2017 жыл 2646 Басып шығару нұсқасы

1.Құрма. Шамаңыз келгенше, таңертеңгі уақытта кез келген тамақтың алдында жеті сығымдалған құрма жеп тұрыңыз. Оның Мәдинадан әкелінген құрма болғаны абзал. Оған мүмкіндік болмаса, кез келген сығымдалған құрманы жей беріңіз. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Күн сайын таңертең тамақтың алдында жеті сығымдалған құрма жейтін адамға удың да, сиқырдың да зарары тимейді!» (Әл-Бұхари: 10/249, Медицина кітабы, тарау: Әжуаның көмегімен сиқырды емдеу.) 2. Әл-Вуду.Дәретпен жүрген адамға сиқырдың әсері болмайды. Өйткені, оны Рақымды Алла жіберген періште қорғап тұрады. Ибн'Аббас, Алла оған разы болсын, риауят еткен: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Денелеріңді жуыңдар, сонда Алла (Азза уаль джаля) сендерді тазартады. Дәретпен жатқан құлды періште қорғап тұрады; ол төсегінде жатып қимылдаған кезде сол періште: «Я, Алла! Осы пендеңді кешіре гөр. Себебі, ол пәк халде жатты», - дейді. (ӘлАусатта Әт-Табарани жеткізген. Әл-Мундирдің айтуынша, мұның жеткізу тізбегі өте жақсы (Әт-Таргиб: 2/13)).  3. Жамағатпен намаз оқу. Мешітте оқылған намаз мұсылманды шайтаннан қорғайды, ал, оған немқұрайлы қараған адамды шайтан билеп алады. Егер шайтан адамды билеп алса, ол адамға сиқырмен және басқа да қолынан келетін нәрселермен зиянын тигізеді. Әбу Әд-Дарда, Алла оған разы болсын, риуаят еткен: «Мен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін естідім: «Мейлі, қалада болсын, мейлі, ауылда болсын, жамағатпен намаз оқымаған үш адамды шайтан жеңеді. Жамағатпен бірге болыңдар. Қасқыр үйірінен қалып қойған жалғыз қойға шабуылдайды» (Әл-Бұхари: (Фатх әл-Бари 3/34) және Муслим: (Ән-Науауи: 6/63)).          4. Қияму Әл-Ләйл (Түнде қосымша намаз оқу). Сиқырдан қорғанғысы келетін адам түнгі уақытта намаз оқуы қажет. Бұған немқұрайлықпен қарау шайтанның адамды өзіне бағындыруына жол ашады. Егер ол өз дегеніне жетсе, сіздің төсегіңіз сиқырдың ықпалындағы ошаққа айналады. Ибн Масуд, Алла оған разы болсын, былай деген: «Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Қиямуль-Ләйлге тұрмай, таң намазына дейін ұйықтаған адам жайлы сұрағанда, ол шайтанның сол адамның құлағына дәрет сындырып кеткендігін айтқан» (Әбу Дауд: 1/150 (жеткізу тізбегі жақсы). Саид ибн Мансур жеткізген: «Ибн Омар, Алла оған разы болсын, былай деген: «Егер кімдекім таңертең үтір намазын оқымастан оянатын болса, таңертең оның басына ұзындығы жетпіс шынтақпен тең арқан байланып тұрады». (Әл-Хафиздің айтуынша, мұның жеткізу тізбегі өте жақсы (Фатх: 3/25)).           5 . Истиа’дах – Әжетханаға кіретін кезде Алладан (Әзза уә Джәаллә) пана сұрау. Мұсылман адам әжетханаға кірерде Алладан (Әзза уә Джәаллә) пана тілеуі тиіс. Өйткені, шайтан мұсылманға кесірін тигізу үшін оның жын-шайтандардың мекені болып табылатын лас орын - әжетханаға кірген кезін пайдаланады. Бірде жын маған бір адамның ішіне кіріп кеткенін айтты. Өйткені, ол адам әжетханаға кірерде Алладан пана тілемеген. Соған қарамастан, оны сол адамның ішінен шығаруға Алла маған қолдау көрсетті. Оның үстіне, бір жын маған оларды бағындыру үшін Алланың (Әзза уә Джәаллә) бізге күшті қару бергенін, бірақ, біздің оны пайдаланбайтынымызды айтты. Оның не екенін сұрағанымда, ол: «Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бізге айтқан дұғалары», - деді. Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әжетханаға кірерде мына дұғаны айтқаны сенімді тізбекпен жеткізілген: «Аллахумма инни а'узу бика миналь-хубси уаль-хабаиси (Я, Алла, ер және әйел жыншайтандардан өзіңе сыйынамын)» (Әл-Бұхари (Фатх әл-Бари: 1/292) және Муслим: (Ән-Науауи: 4/70)).            6. Намаз оқымас бұрын Алладан (Әзза уә Джәаллә)пана тілеу. Джубайр Ибн Мутим Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін риуаят еткен: «Мен, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деймін: «Аллаху акбару кабира, уальхамдулилляхи касира, уа субханАллахи букратан уа асыля» үш рет (және): «Аузу билляхи мина шайтани раджими мин нафкхихи уа нафсихи уа хамзихи» (Алла (Әзза уә Джәаллә) Аса Ұлы, барлық мақтау-мадақ Аллаға лайық, Алла ертелі-кеш кемшілік атаулыдан пәк. Шайтаннан: ол уәс-уәстайтын тәкаппарлықтан, оның сасық демінен және сілекейінен (шайтанның арбауы меңзеліп тұр) және оның ақылдан аздыратын азғыруынан Аллаһқа сыйынамын) (Әбу Дауд (1/203)).            7. Некеге тұрған бойда әйеліңді сиқырдан қорғау. Неке келісімін жасаған бойда оның маңдайына оң қолыңызды қойып, былай деңіз:           «Аллахумма инни асалюка хайраха уа хайра ма джалабтаха алейхи уа аузу бика мин шарриха уа мин шарри ма джабалтаха алейхи» (Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сыйынамын). (Әбу Дауд (151)).          8. Жұбайлық өмірді намаздан бастау. Абдулла ибн Масуд, Алла оған разы болсын, былай деген: «Неке түнінде, яғни, некеге тұрғаннан кейін алғашқы түнде жақындаспас бұрын екі рәкағат намаз оқыңыз, әйеліңізді де артыңызға тұрғызып, сізге ұюын және келесі дұғаны айтуын өтініңіз: «Аллахумма барик ли фи ахли, ва барик ляхум фийй. Аллахумма-иджма’ бейнана ма джама’та би-хайр, ва-фаррик бейнана иза фарракта иля хайр» («Я, Раббым! Маған әйелімді берекелі қыла гөр және мені оған берекелі қыла гөр. Я, Раббым! Бізді біріктірдің, игілікте біріктіре гөр.  Егер ажыратсаң, бізге игілікте ажырата гөр») (Әт-Табарани жеткізген.).         9. Жыныстық қатынас кезінде шайтаннан қорғану. Ибн 'Аббас, Алла оған разы болсын, риуаят еткен: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Егер жақындаспас бұрын мына дұғаны оқып, сол жақындықтан бала дүниеге келетін болса, шайтан ол балаға ешқашан зиянын тигізе алмайды: «Аллахумма джаннибна ашшайтана уа джанниб аш-шайтана ма разактана» (Я, Алла, бізден шайтанды аулақ ет, әрі бізге нәсіп ететін (перзенттен де) шайтанды аулақ ет). (Әл-Бұхари (Фатх әл-Бари: 1/291) және Муслим)        Бір жын тәубесіне келіп, Исламға келгеннен кейін бір ер адамның әйелімен жыныстық қатынасына қатысқанын айтты. Өйткені, ол адам жоғарыда көрсетілген дұғаны оқымаған. Аллаға мақтау-мадақ болсын! Біздің қаншама құнды қазынамыз бар, бірақ, солардың бағасына жете бермейміз. 10. Ұйықтар алдында дәрет алу, Аятуль Курсиді оқу. Ұйықтар алдында дәрет алыңыз, төсекте отырып, Аятуль Курсиді оқып, Аллаға дұға қылыңыз. Шайтанның Әбу Хурайраға, Алла оған разы болсын, былай дегені сенімді тізбекпен жеткізілген:  «Ұйықтар алдында Аятуль Курсиді оқыған адам Алланың (Әзза уә Джәаллә) панасында болады және түні бойы таң атқанша шайтан оған жоламайды». Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, осы сөздерді растап, Әбу Хурайраға былай деген: «Шайтан өтірікші болса да, саған шындықты айтты». (ӘлБұхари (Фатх әл-Бари: 6/338) және Муслим (Ән-Науауи:. 17/17)).           11.  Лаа илааха илля Аллаһ. Таң намазынан кейін: «Ля иляха илля-Ллах уахдаху ля шарикалях, ляхуль мульку уа ляхуль-хамду уа хууа аля кули шай-ин кадир» деп 100 рет айтыңыз. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Осыны айтқан адам 10 құлды азат еткенмен тең сауапқа кенеледі, оның амал кітабына он игі амал жазылады, он зұлым амалы өшіріледі және бұл дұға оны таңнан кешке дейін шайтаннан қорғайды. Осы дұғаны одан да көп айтқан адамды қоспағанда, ол адамнан артық ешкім болмайды».           12. Мешітке кіру. «А'узу би-Лляхи-ль-'Азыми, ва би-ваджхи-хи-ль-Кярими ва сультани-хи-ль-кадыми мин аш-шайтани-р-раджими». (Ұлы Аллаға, Оның ардақты Дидарына және Оның ежелден мәңгі билігіне лағынетке ұшыраған шайтанның азғыруынан сыйынамын). Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мешітке кірмес бұрын былай дегені белгілі: «Мұсылман адам осы дұғаны айтқан сайын, шайтан: «Ол күннің қалған бөлігінде менен қорғанышта болады». (Әбу Дауд: 1/127).         13. Дұға. Мына дұғаны таңертең және кешкі уақытта үш рет қайталап жүріңіз: «Бисмиллахи ллази ла язуру маа исмии шайъун фил арзи ва ла фи ссамаи ва хууа сами уль алим». (Алланың атымен, Оның аты аталғанда Жер мен Көктегі ештеңенің кесірі тимейді және Ол – бәрін Естуші, бәрін Білуші) (Әт-Тирмизи: 5/133).          14. Үйден шығатын кезде. Үйден шығатын кезде: «Бисмилляхи тауаккальту аля Аллахи ля хауля уаля кууата илля билляхи» деңіз. Сіз осы дұғаны айтқанда, сізге (өзіңіз білместен) былай делінеді: «Мен сені қорғап, сақтадым». Шайтан сіздің қасыңыздан кетіп, басқа біреуге: «Қорғалған және сақтанған адамға не істей аламын», - дейді. (Әбу Дауд: 4/325 және әт-Тирмизи: 5/154).             15. Таңертең және кешкілік: «Аузу бикалимати Аллахи ат-таммати мин шарри ма халак» деңіз.

Муслим: (Ән-Науауи: 17/32)

 Орыс тілінен аударған Azan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары