Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Осы төрт жәндікті өлтіруге тиым салынды
13 наурыз, 2017 жыл 9337 Басып шығару нұсқасы

Шыбын-шіркей түрлі микробтарды таратушы. Сондықтан да, адам денсаулығына тигізер қауіптің алдын алу мақсатында оларды өлтіруге рұқсат етіледі. Әбу Дәуід және Имам Бухариде келген бір хадисте Пайғамбарымыз былай деген: «Кімде кімнің сусынына шыбын түсіп кететін болса, онда оны батырып, кейін алып тастасын. Шындығында оның бір қанатында кесел, екінші қанатында оның емі бар».[1] «Ғаунуль Маъбуд» атты еңбекте аталмыш хадиске түсінік беру барысында: «Бұл хадис шыбындардан келетін залалдың алдын алу мақсатында оларды өлтіруге болатындығына ашық дәлел»[2], – дегенді айтып өтеді. Демек, үйдегі шыбыншіркейлерді өлтіруге шариғат рұқсат береді. Ал себептен-себепсіз құмырсқаның илеуін бұзып, құмырсқаны не араны өлтіруге Алла Елшісі тыйым салған. Сахаба Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша, Ол (с.а.у) төрт жәндікті өлтіруге тыйым салған. Олар: құмырсқа, ара, көкек, тағанақ[3], [4]. Десе де, құмырсқа мен ара адамдарға жайсыздық туғызып жатса және келтірген қолайсыздығын тек өлтіру арқылы ғана жоюға болатын болса, онда оларды өлтіруге болады[5]. Мәселен, ара үйдің кіре берісіне ұя салып тастап, адамдардың үйге кіріпшығуы қиындап кетсе, яки үйдің іші құмырсқаға толып кетсе т.б.

[1] Бухари, «Китабу бүд’иль Халқ», №3142-хадис.; Әбу Дәуід, «Китабуль Атғима», №3844-хадис. Сахих.
[2] Мұхаммад ШәмсульХаққ әл-Азым Әбәди, Ъаунуль Маъбуд, №3844 – хадис түсіндірмесі.

[3] Әбу Дәуід, «әбуәбун Нәум», №5267-хадис. Сахих.

[4] Тұмсығы үшкір, қауырсыны жұмсақ, қанаты қысқа, торғай тұқымдас құс.(Қазақ тілінің әмбебап сөздігі) [5]Мұхаммад ШәмсульХаққ әл-Азым Әбәди, Ъаунуль Маъбуд, №3844 – хадис түсіндірмесі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары