Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АЛЛА ЕЛШІСІ ДӘЖЖАЛДЫ ҚАЛАЙ СИПАТТАДЫ?
08 наурыз, 2017 жыл 559 Басып шығару нұсқасы

Ақырзаман таяғанда Дажжал есіміндегі бір кісі шығып, адамдарға өзін құдаймын деп танытып, өзінің жолымен жүруге үндейді.

Хузайфадан жеткен риуаят бойынша: «Дажжал сол көзі соқыр, қалың қою шашты бір адам. Оның қасында жәннәт пен от бар. Оның оты негізінде жәннәт болып, жәннәті де тозақ болады» (Муслим риуаяты).

«Дажжал шыққан кезде өзімен бірге су мен от болады. Бірақ елдің от деп көргені тәтті су, су деп көргені күйдіретін бір от болады. Сендерден кім сол күнге жететін болса елдің от деп көргенін қабыл етсін. Өйткені ол тәтті мұздай су» 1 , – деп Алла елшісі үмметіне жауыз Дажжалдың айласынан хабардар етті.

Басқа бір хадисте Хазіреті Пайғамбарымыз Дажжалды сипаттаған кезде былай деп келтіреді: Қасында пайғамбарларға ұқсас екі періште бар. Егер қажет болса ол пайғамбарларды өз атымен, әкесінің атымен айтып беремін. Періштенің бірі Дажжалдың оң жағында, екіншісі сол жағында тұрады (Екі періштенің бұлай тұруы адамдарды сынауы үшін). Содан Дажжал адамдарға: – Мен сендердің Раббыларың емеспін бе? Мен жан берушімін әрі өлтіремін, - дейді. Бұдан кейін періштелердің бірі Дажжалға:

– Сен өтірік айтып тұрсың, - дейді. Бірақ бұл сөздерді адамдардың ешбірі естімей қалады. Ал екінші періште оның сөзін естіп, ол періштеге:

 – Дұрыс айтасың, - деп үн қатады.

Адамдар бұл жолы періштенің сөзін  естіп, ол періште Дажжалдың сөзін растап тұр екен деп ойлайды. Міне, сондықтан да Дажжал үлкен бір бүліктің, адам айтқысыз фитнәнің басы болады.

Хазіреті Пайғамбарымыз күнделікті ғибадатында Мәсих Дажжалдың фитнәсінен сақтану үшін Аллаға былай деп дұға еткен: «Аллаһым! Күмәнсіз мен тозақ оты- нан Саған сиынамын. Қабір азабынан Саған сиынамын. Мәсих Дажжалдың фитнәсінен Саған сиынамын. Өмір мен өлімнің фитнәсінен Саған сиынамын» (Әбу Дәуіт, Тирмизи, Нәсәй риуаяты). Сонымен қатар Дажжалдың фитнәсінен сақтану жайында Хазіреті Пайғамбарымыз: «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің алдындағы 10 аятын жаттап алса, Дажжалдың фитнәсінен сақтанған болады» (Сахих Муслим, 1 том, 555 хадис) деп бізге баға жетпес нақты нұсқау береді.  

 

  1. (Бухари, Фитән 26; Муслим Фитән 105), Хадис ансиклопедиси, Кутуби ситте, 14-том, 5011 хадис.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары